ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ЗООБАҒЫНДА «АФРИКА» АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

17:53, 13 маусым 2018

Үшінші мегаполистің зообағы да ерекше. Оған қайта жаңғырған жануарлар бағының... салтанатты ашылу рәсімінде... көз жетті, көңіл сенді... Игі шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған... зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Алқалы топ... заман талабына сай, ашық табиғи ортаға бейімделген... «Африка» контингентіндегі... павильондар саябағын тамашалады. Ізінше... Қошқар ата бойындағы құрылыс нысандарымен танысты.

Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Бүгінде мұнда 2 478 аң мен құс тіршілік етеді. Тұмса табиғатты аңсап, жан-жануарлар әлемі арқылы жанын жадыратқысы келетіндер үшін бұл аймақ - таптырмас мекен. Былтыр баққа 426 мың адам келсе, биыл айналасы 3 айдың өзінде 60 мыңнан астам келуші із салған.  Қазір зообақта жануарлардың өсу динамикасы байқалады. Алғашқыда 75 түрлі аң болса,  қазір 248-ге жеткен. Ірі мегаполистің тамаша зообағымен танысқан өңір басшысы атқарылған іске оң баға берді. Жаңарған, жасарған қаланың келбетін көріп, келушілерді құттықтады. Балаларға балмұздақ тарту етті.

Зообақты қайта құру жұмыстары 2010 жылы басталған. Бұл – 3-ші сатыдағы құрылыс. «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы 2013 жылы басталып, жоспарлы уақытында аяқталып отыр. Қазіргі кезеңде 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  

Зообақ ұжымы Астананың 20 жылдығына орай Елордаға 20 аң-құстың төлін тарту етіп отыр. Олар басқаланың жаңа зообағының алғашқы мекендеушілері болады.  Айтқандай, «Астананың 20 жылдығына - 20 нысан» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілген Қошқар ата өзенінің жағалауы да бүгін пайдалануға берілді. Тұсаукесер салтанатына қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шымкенттіктерді жаңа демалыс аймағының ашылуымен құттықтады. Болашақта жүзеге асатын жобалармен таныстырды.

«Шаһардың шырайын аша түсетін Қошқар ата жағалауы - қала тұрғындарының сүйікті орнына айналып, мүлдем жаңа кейіпке енетін болады. Өйткені, алдағы уақытта Қошқар ата өзені бойында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, Қарасу және Қошқар-ата өзендерінің бойы толық абаттандырылады. Жалпы, "Ескі қала» жобасы бойынша өзен жағалауы демалыс және қорғау аймағы болып қарастырылған. Бұл маң - мегаполис атанған қаланың таңдаулы, көрікті жерлерінің біріне айналмақ.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан Шымкенттегі Арбат жобасы да қала ажарының ашыла түсуіне оң ықпал етуде. Өңір басшысы зиялы қауым өкілдеріне жаңа жобаларды экран арқылы таныстырды. Шалғай аудандардан арнайы келген қариялар тың жобаларға сүйсініп, таңдай қағысты.

Жаңа келбетке енген жағалаудың ашылу рәсіміне келген қонақтар демалыс аймағын аралап, дән риза болысты. Қазір онда жарықшам мен орындықтар, ротондар орнатылып, түрлі ағаштар егілген. Бүгінгі таңда демалыс аймағын толық абаттандырып, мемлекет мұқтажына алынатын тұрғынүйлер мен жер телімдеріне өтемақы төлеу үшін тиісті қаржы бөлінген. Нақты жұмыстар үздіксіз атқарылуда.

К. ДҮЙСЕНБІ

Тақырып бойынша материалдар

АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ОБЛЫС ӘКІМІ АВТОКӨЛІК МІНГІЗІП, ПӘТЕР БЕРДІ
13:34, 18 маусым 2018
АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ОБЛЫС ӘКІМІ АВТОКӨЛІК МІНГІЗІП, ПӘТЕР БЕРДІ
Толығырақ...
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ  БЕРІЛДІ
13:22, 18 маусым 2018
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланды
11:05, 18 маусым 2018
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккен...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...