ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТКЕ ПНЕВМОНИЯ МЕН COVID-19 ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ

16:08, 14 шілде 2020

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті.Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді.

Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон, аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді.Аталмыш жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр.Дәріханаларға келіп түскен дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге арналған. Өзге елдерден қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуге жергілікті сегіз компания рұқсат алған. Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша келісім-шарттың сомасы төрт миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, "Ақ ниет" компаниясы дәрі-дәрмектің - 14 түрін, "Зерде" - 10, "Аптека-5"-8, "Қойбағаров" ЖК - 9, "Отау Мед" - 23 түрін жеткізді.Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді. Бүгінгі таңда, дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар тұрақты тұрақты жүргізілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...