ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНҒАН ЖОҚ!

19:34, 31 наурыз 2020

Шымкентте карантин жарияланған жоқ! Тек, уақытша шектеулер қойылды. Бұл туралы арнайы баспасөз брифингінде қалалық төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. Нақты қандай шектеулер қойылды?

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын орын алмайды. Себебі, қалада тәулігіне 100 мыңнан астам медициналық бетперде тіліліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде. Бүгіннің өзінде шахардағы мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын орындарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылыпты. Аталған бетперденің артықшлығы сол оны бірнеше рет қолдануға болады.

Қанат Жүнісбеков – Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі

-Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр. Бүгінгі таңда бетперделердің бағасы 150-200 теңге көлемінде сатылуда. Бұл баға бетпердеге кететін материалдар мен басқа да шығындарды есептегенде шығатын құны.

Орын алған жағдайға байланысты жұмысы тоқтап, не жұмыстан босаған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мәселен, жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Бұл Еңбек Кодексінің 70-ші бабына сәйкес.

Қанат Жүнісбеков – Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі

-Бұл жерде, жұмысшыларға атқарылған жұмысы бойынша ғана жалақысы төленеді. Мысалы, норма бойынша 8 сағаттық жұмыс уақыты болып, оның 4 сағатын жұмыс істейтін болса тек 4 сағаттық жұмыс істегені үшін жалақысы төленеді. Тараптардың келісімі бойынша және өндірістік процесстер мүмкіндік берген жағдайда, жұмыс беруші қашықтықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін, яғни Еңбек Кодексінің 138 бабына сәйкес бұл жұмыс беруші орналасқан жерден тыс, жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәртібіндегі жұмыс атқару.

Рабиға Бақытжанқызы – тілші

-31 наурыз кешкі 21-00 ден бастап Шымкент қаоасына тек транзиттік көліктер мен азық-түлік тасымалдайтын автокөліктерден өзге ешқандай көліктер кірмейді қала аумағынан шықпайды да. Бұл әсіресе Шымкент қаласына іргелес жатқан аудандар мен Түркістан қаласында жұмыс істейтін азаматтарға тікелей қатысты. Штаб өкілдері жұмыс істейтін орындарында болуды ескертеді. Сала мамандар бұл әзірге Шымкентте карантин жарияланбағанын, тек уақытша шектеу екенін айтып отыр. Алайда, ол шектеудің қай уақытқа дейін созылары белгісіз. 

Рабиға Бақытжанқызы      

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
18:21, 29 мамыр 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...