ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ КІЛЕМ ДҮКЕНІ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

17:10, 10 маусым 2019

Шымкентте кілем дүкені өртке оранды. Алаш базары маңында орналасқан сауда орталығында 9-шы маусым күні өрт шыққан. Тілсіз жау дүкеннің 260 шаршы метр аумағын шарпып үлгерген.

Жексенбі күні сағат  16:54-те қалалық төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы шұғыл хабар түскен. Онда        Мейірімді  көшесі бойында  орналасқан «Есенжол» дүкенін өрт шалғаны айтылған.  Оқыс оқиғаның басына жедел жасақ шұғыл аттанды –дейді департамент маманы.

Зарипа Тұрысбекова - Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті ішкі және сыртқы коммуникация тобының бас маманы

- Хабарлама келіп түскен болатын басқару пультке. Өрт сөндіру жұмыстарына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жетіп, анықтағаны ашық отсыз қалың түтіндеу орын алған.

Нысанның жалпы көлемі 432 шаршы метр.  Тілсіз жау ғимараттың басым бөлігін жарамсыз күйге түсірген. Десек дер кезінде жеткен төтеншеліктер үлкен қауіптің алдын алды. Жалынды жарты сағатқа жеткізбей сөндірген.

Зарипа Тұрысбекова - Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті ішкі және сыртқы коммуникация тобының бас маманы

 - Қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келтірілген шығындардың көлемі анықталуда. Өрт сөндіру жұмыстары  сағат 17:51-де оқшауланып, сағат 18:15 те толығымен сөндірілді.

Айдана Мәулен                                                                    

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 40 адам жұмылдырылған.  Мамандар  6 өрт сөндіру  техниканың  күшімен апаттың алдын алған. Енді мамандар оқыс оқиғаның себеп - салдарын анықтауда.  

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...