
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Атап айтқанда, жалпыреспубликалық «Стоп-игра» жедел іс-шарасы барысында, Наурыз және Нұрсат мөлтек аудандарында заңсыз ойынханаларды ұйымдастыру бойынша алдын ала келіскен екі азаматтың заңсыз іс-әрекеті әшкереленді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен екі ұйымдастырушы ҚР ҚК 307 бабының 2 б., 2 т. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Тәркіленіп алынған айғақтық заттар мемлекет пайдасына өндірілді. Қаржы мониторингі комитеті заңсыз ойын бизнесін белгіленген жерлерден басқа аймақтарда ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін қатаң ескертеді.