ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ВОКЗАЛ САЛЫНАДЫ

17:41, 21 мамыр 2018

Шымкентте тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін жаңа айналма теміржол вокзалы салынады. Жоба тұжырымдамасы халықаралық бастамашыл топпен, жоба жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Алихан Бижанов пен техника ғылымдарының докторы, профессор, «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің директоры Алтайбек Оразбеков, ҚР сәулетшілер одағы ОҚО филиалының төрағасы Асқар Мамырбаев және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерімен бірлесе әзірленді.

Заманауи үлгіде бой көтеретін екінші теміржол желісінің техникалық құрылыс сипатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің  директоры  Алтайбек Оразбеков таныстырды. Олардың айтуынша, бұл жоба Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес іске асады. Онда көлік салудың және пайдаланудың озық «цифрлық» технологиялары енгізілсе, көлік процесінде инновациялық технологиялар, соның ішінде жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды енгізу көзделген.   Вокзал Шымкент қаласының бас жоспарына сай «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында салынады. «2 Шымкент-» вокзалында жүкті сұрыптау станциясы және үлкен автобекет болады. 16 гектар аумақта қонақ үй мен әкімшілік ғимарат, 1000 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған. Нысан .... Шымкент - ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы жылына орай мемлекеттік – жекешелік әріптестік бойынша пайдалануға беріледі. Осыған байланысты жуырда өңір басшысының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
18:28, 17 тамыз 2018
РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
Толығырақ...
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШІ
14:54, 17 тамыз 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...