ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ВОКЗАЛ САЛЫНУЫ МҮМКІН

18:25, 13 ақпан 2018

3 жыл талқыланған «Шымкент агломерациясының даму жоспары» селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында терең талданды. Айтып өтейік, осы жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкент агломерациясының Өңіраралық схемасы туралы баяндама жасады. Ал, еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бұл жоба қолдауға лайық екенін жеткізді.

Түстік билігі ұсынған жоба бойынша агломерациялық аумаққа облыс орталығының іргесіндегі 7 аудан кіреді. Ол - Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби және Түлкібас аудандары. Қала осы маңдағы ең жақын кенттермен қатар дамуы тиіс.

Жансейіт Түймебаев – облыс әкімі

Сонда ауыл шаруашылығының кооперациялары мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі төрт есеге, ал, егін шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5 есеге артатын болады. Нәтижесінде, қала  аумағындағы елдімекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелері шешіледі.

Агломерация жобасын іске асыруға байланысты нақты міндеттер де белгілі. Шымкенттің оңтүстік, шығыс және солтүстік бөліктерінде 3 айналма жол салынып, 118 шақырымы жөндеуден өтуі тиіс. Сарыағаш қаласының айналма жолы мен облыстық, аудандық маңызға ие 720 шақырым жол да реттелуі қажет. «Теміржол бекеті де – елдің айнасы». «Шымкент-2» темір жолы мен қаланы айналып өтетін 43 шақырымдық теміржол салу да маңызды. Бұл ұсынысты облыс әкіміне Инвестициялар және даму министрі жеткізді. Осы орайда облыс орталығына жақын қалаларды дамыту үшін Арыс вокзалын жөндеу, 2020 жылға дейін Шымкент пен Сарыағаш қалаларынан көліктік-логистикалық орталық салудың маңызы екшелді.

Агломерациялық аймақ бекітілгеннен кейін енді 2030 жылға қарай Шымкентте фармацевтика, мұнай, химия, металлургия, құрылыс индустриясы, ғылым, сауда және қызмет көрсету салалары дамиды. Өңдеу өнеркәсібі 5 есеге ұлғаяды. Жобадан күтетін жетістік мол.

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...