ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

19:11, 17 шілде 2019

116 280 гектар жерді алып жатқан Шымкент еліміздегі ең алып шаһар. Жер көлемі жағынан Нұр-Сұлтан, Алматы қалалаларын артта тастап тұр. Алайда мегаполистің 120 мыңдай тұрғыны баспана тұрғызатын жерге қол жеткізе алмай отыр. Шымкент қалалық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы өткізген баспасөз брифингте Шымкенттегі өзекті мәселелер көтерілді.

Тұрғын үйге арналған  қала резервіндегі жер көлемі  кезекте тұрған 119 018 азаматтың  14 пайызын ғана қамтуға жетеді. Оның үстіне Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй аумағы 4 пайызға зорға жуықтайды.  Ал жеке тұрғын үй аумағы  96 пайыздан асып, 10 080 гектарға жайылып кеткен.  Қозықұйрықтай қаптаған жеке секторды инфрақұрылыммен қамту өз алдына  өзекті мәселе. Десек те басқарма басшысы әр мәселенің өз шешімі бар –деп отыр.

 Жәнібек Ағыбаев – Шымкент қалалық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Жер кодексіне былтыр өзгерістер енгізілді. Жеке тұрғын үйлер үшін мемлекеттік мұқтажға алуға. Осы 120 мың азаматты қамтамасыз ету үшін шамамен 38 млрд теңге қажет. Біз осыны бюджетке ұсындық.

 Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда көзделген обьектілерді салу үшін мемлекет меншігіне алынатын учаскелердің жалпы алаңы 58 гектар. Оның құны 1 млрд 484 млн теңге. Жыл сайын халық саны артып келе жатқан шаһардың көшелерін кеңейтіп, стандарттарға сәйкестендіру мақсатында да біраз шаруалар атқарылған.

Жәнібек Ағыбаев – Шымкент қалалық жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Ол Қонаев даңғылының жалғасы. Тұран шағын ауданындағы 1,2,7 –ші көшелер. Адия магазиннен бастап Тәукехан көшесе Тассайдағы. Жібек жолы көшесі кеңейтілді. Біздің келісім шартқа сәйкес ол жерде 4-5 үй қалды.

 Ағымдағы жылдың 5 айында басқарманың жалпы құжат айналымы 14 522 дананы құраған. Сонымен қатар қоғамдық пікірді талдау үшін қалалық СаII-центр құрылған. Ол жерден әрбір азамат кез-келген уақытта жер мәселесіне қатысты ақпарат ала алады.

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...