ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 222-ГЕ ЖЕТТІ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК МЕЙІРГЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ АРТТЫ

18:26, 15 мамыр 2019

Халықаралық мейірбикелер күніне орай Шымкенттік мейіргерлердің арасында үздіктер байқауы ұйымдастырылған еді. Төл мерекесінде додадан топжарғандар қала әкімінің алғыс хатына ие болды.

Бір ғана Шымкент қаласында 8 500-ге жуық мейірбике бар. Олардың басым бөлігі патронаждық қызметке тартылған. Яғни ауруханада науқастың аяқтан тұрып, дертінен айығуы мейірбикеге тікелей байланысты. Тәулікпен санаспайтын мамандық иелеріне арналған мерекелік кеште Шымкент қаласы әкімінің құттықтауын Гүлжан Құрманбекова жеткізді.

Гүлжан Құрманбекова – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

-Халыққа жоғары сапалы медициналық көмектерді қамтамасыз етуде әлеуметтік-медициналық қызметтің өзекті мәселелерін шешуде мейірбикелерге ауқымды рөл жүктеледі. Денсаулық сақтау саласының қызметінің басым бөлігін мейіргерлер құрайды. Қазіргі таңда Республика бойынша 175 мыңға жуық медицина қызметкерлері еңбек етеді. Ал, Шымкент қаласында 8500 мейірбике, акушер мен фельдшер жұмыс істейді.

 Халықаралық мейірбикелер күніне орай арнайы 3 кезеңнен тұратын  байқау ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде «ең үздік мейіргер», «үздік акушер», фельдшер мен зертханалық маман сынды номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Үздіктің бірі, Динара Нұрматова. Ол күніне 4-5 нәрестенің өмірге келуіне ат салысатынын айтып, мамандығымен мақтанатынын жеткізді.

 Динара Нұрматова - «Ең үздік акушер» номинациясының иегері

-Ана мен балаға үлкен жауапкершілікпен жұмыс атқарамыз. Көмектесеміз. Әр ананың өз нәрестесін қолға алуын көру бізге ең үлкен бақыт. Өз мамандығым өзімнің мақтанышым.

Іс – шараға Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласына еңбегі сіңген ардагерлер арнайы шақырылған. Төл мерекесінде
ақ халаттыларға бағалы сыйлықтар табысталып, айрықша құрметке ие болды.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:53, 26 мамыр 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
18:42, 26 мамыр 2020
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЗООБАҚТЫҢ  63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
15:23, 26 мамыр 2020
ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар