ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК МЫҚТЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

13:17, 13 тамыз 2019

Шымкенттік кикбоксинг шеберлері Ақтауда өткен мықтылар сайысына қатысып келді. Жерлестеріміз Фазлиддин Сафаров пен Ғалымжан Қанаев өз салмағындағы алтын медаль иегері атанды. Кеше ғана жеңіспен оралған спортшыларды біздің түсірілім тобы күтіп алған еді.

Жарыс 8-11 тамыз аралығында өткен. Онда еліміздің түкпір-түкіпірнен спорт шеберлері өзара сынға түсті. Шымкент қаласының кикбоксинг бойынша алда екеенін ескерсек, бұл додада қос жерлесіміз қатар жеңіске жетті. Өз салмағы бойынша алтын медаль алған Фазлиддин Сафаров пен Ғалымжан Қанаев әлем чемпионатына жолдама алды. Споршылар қолдау көрсеткен тілеулестеріне алғысын білдіруде.

ҒАЛЫМЖАН ҚАНАЕВ – СПОРТШЫ

ФАЗЛИДДИН САФАРОВ – СПОРТШЫ

Ақтауда өткен Әлем чемпионатына іріктеу – еліміздің нағыз мықтыларын анықтады. Мәселен, өз салмағында сынға түскен қос спортшы бұл додада жеңіске жету үшін ұзақ дайындалған. Бақ пен бап қатар шапқан жарыста бапкердің де еңбегі ерен. Бүгін ол шәкірттерін күтіп алып, ерекше толқуда. Ары қарай да жаттығуды тоқтатпайтындықтарын мәлімдеді.

 ЖАҢАБАЙ ӘШІРБЕКОВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Енді жеңімпаздар Түркияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Бұл жарыс күзде, 22 қарашада басталмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...