ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР

19:35, 22 қараша 2019

Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанады. Мәртебелі міндетті абыроймен атқару мақсатында алғашқы аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. «Шымкент қаласының тарихы мен өркениеті» тақырыбын арқау еткен кездесуге еліміздің өзге өңірлерінен профессорлар мен ғалымдар, ұлағатты ұстаздар қатысты. Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйтқы болған ауқымды шара Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өтті.

Конференцияның мақсаты - Шымкенттің түрлі салалаларына қатысты ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің жайымен танысу. Көне шаһардың  өткені мен бүгінін тануда және келешегін дамыту бойынша пайдалы тұжырымдарды ортаға салып, пікір алмасу болатын. Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институтының директоры Бауыржан Байтанаев «Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар қала» деп отыр. Оған қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер айғақ. Тың деректер ЮНЕСКО қарауына ұсынған. Ұлттық ұйым нақты шешім қабылдаса бұл күнді тойлау алыс емес дейді археолог.

Бауыржан Байтанаев–Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының директоры (01:50 біздің құжатымыз ЮНЕСКО-дан өтті. Осы жаңа жылға дейін екі мемлекет қолдады. Бұл үлкен сараптамадан өтті. 05:42 Шымкент қаласына 2200 жыл. Ең алғашқы осы жерде пайда болған елдімекен біздің эрамызға дейігі ІІ-ғасырда пайда болған. 05:52)

Археолог осы мәселеге байланысты Түркістан мен Тараз қалаларының тарихи жылнамасымен салыстыратынын да баяндады.Басқосу барысында бұдан бөлек көптеген құнды деректер мен бағалы пікірлер де айтылды.

Забагүл Ілиясова – тарих ғылымдарының кандидаты (00:25 Жалпы араб жазба деректерінде біздің орта ғасырлық соның ішінде біздің оңтүстік өңірінің Қазақстан тарихына қатысты қалаларына, елдімекендеріне қатысты құнды ақпараттар деректер бар. Біздің қазіргі орта ғасырлық қалаларымыз туралы құнды деректер қалдырды. Тарихи және географиялық шығармалары және соның өкілдері туралы..)

Бүгінде әлемде тұрғыны миллионнан асатын қалалар саны 389-ға жетеді. Жер шарында миллионды қалалары көп елдердің көшін Қытай бастаса, одан кейін Үндістан, Бразилия мен Ресей жалғап тұр. Ал, көрші Өзбекстан 43-орында тұр. Еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары 31-орында болса, енді миллионерлердің қатарына қайрымды қала Шымкентте кіреді.

Жанар Бектаева – Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы(01:18 Бүгінгі Шымкент өскен, өркендеп келе жатқан кең, қанат жайып еліміздегі мегаполис қалаға айналды. Әрине, ол жағдайға қаламыздың ең бірінші елдің тәуелсіздігінің арқасында жетіп отырмыз. Шымкент еліміздің үшінші мегаполисіболғалы Елбасы Оңтүстікке атбасын бұрған сайын тілге тиек ететін, енді міне бұл сөз шындыққа айналды. 1243-01:19Алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр.)

Ауқымды жиынды қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырды.Ұлттық құндылықтарымыз сақталған қасиетті жер,  өркениеттің алтын бесігіне айналған  мегаполистің болашақ бағыт бағдары мен экономикалық даму перспективалары талқыланды.

М. Жорабай

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...