ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

СИРИЯДАН 47 ҚАЗАҚ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

21:06, 9 қаңтар 2019

Соғыс оты сөнбеген Сириядан отандастарымыз елге оралды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің тікелей тапсырмасымен жасалған -- «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижесінде 47 қандасымыз туған жерге аяқ басты. Олардың отызы -- 1 мен 5 жас аралығындағы балалар болса, 11-і әйелдер.

5-ші қаңтар, Ақтау халықаралық әуежайы. Қазақ сарбаздары әскери ұшақпен маңызды тапсырманы орындауға сақадай сай тұр. Төрткүл дүние көз тіккен сирияға бару әлі де қауіпті. Бас басына би болған терорлық ұйымдардың үні өшкен емес. Дейтұрғанмен бір кездері діни сауатсыздықтан ел асқан қандастарымыз көмекке зәру еді. Ал оларды сыртта қалдыру, бізге тән қасиет емес.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 Адасқан қандастарымыздың сілесі қатып, әбден тозғанын мына кадрлардан аңғаруға болады. Әсіресе әкелерінен айырылған кішкентай сәбилердің көрген бейнетін бейнелеу қиынға соқты. Қазақ әскерилері бүлдіршіндерді бауырларына басып, қамқорлық танытты. Сәбилер де көмектің келгенін сезетін сияқты.

Гуманитарлық операция барысында 47 қазақ елге оралды. Олардың дені балалар. Туған жерге табандары тиген қандастарымыздың қуанышында шек жоқ. Ал президент гуманитарлық операция жайлы бастама жасамағанда, қандастарымыздың тағдыры не боларын кім білсін? 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...