ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

С.ҚОЖАНОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

17:37, 11 қыркүйек 2019

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына – 125 жыл. Осы мерейтойды алғашқылардың бірі болып Созақ өңірі атап өтті. «Бұл тарихи тұлғаға деген құрметтің белгісі» дейді Сұлтанбектанушылар.

Қожановтың мерейтойы Созақ ауданында тойлануы заңдылық. Себебі,  Сұлтанбек Ақсүмбеде дүниеге келген. Шара  тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Тәуелсіздік жолында бүкіл өмірін сарп етіп, елінің ертеңі үшін күрескен алыптардың бірегейі – Сұлтанбек Қожанов.  Созақ өңірінде ұмытылмас тұлғаны еске алу мақсатында мәдени кеш өтті.  Зиялы қауым өкілдері қайраткердің өмір жолын, елі үшін жасаған ерен еңбектерін сөз етті.

  Хазретәлі Тұрсын - А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы

  • Бүгін Созақта басталса, ертең Кентауда жалғасады. Содан кейін Қызылорда қаласында үлкен конференция бар. Қазан айының 16-17-сі Түркістан қаласында Сұлтанбек Қожанов 125 жылдығының қортындысы болады. Ол халықаралық  деңгейде өтеді. Ары қарай ақындардың жыр-мүшайрасымен жалғасады. Ең басты айтатын жаңалық Сұлтанбек Қожановтың Нұр-Сұлтан қаласында ескерткіші орнатылмақшы.

Шара тәуелсіздік саябағында жалғасты.  Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп ұжымы мен оқушылары дайындаған театрландырылған көрініс қойылды. Сұлтанбек Қожанов еліміз «қырғыз-қазақ» аталып тұрған кезде «қазақ» атын қайтаруға және ел астанасын Қызылорда қаласына ауыстыруға септігін тигізді. Арманы көп болатын. Бірақ «Түркістан қаласын алаштың астанасы ету қайраткердің басты арманы еді» дейді ұйымдастырушы музей директоры.

 Ниязәлі Дүйсенбек - С.Қожанов  атындағы  музей  директоры

  • Сұлтанбек Қожановтың Түркістанды ҚР-ның астанасы ету арманы қазір біртіндеп іске асып келе жатыр. Бірінші қадам Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болды. Түркістан түркі елдерінің мәдени орталығы болды. 

Бүгінгі шараны өткізуге белсене атсалысқан азаматтар мен, оқушылар  аудан әкімдігінің  алғыс хатымен марапаттады.

Әлішер Әлімжан                                               

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...