ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

СОЛАҚАЙ САЯСАТ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

18:24, 29 мамыр 2020

«31 – мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күні. Осыған орай «Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым» атты онлайн кеші ұйымдастырылды. Іс-шара facebook әлеуметтік желісінің Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі парақшасында жексенбіде көрсетіледі.

Бейнебайланыс арқылы өткен іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтары, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Жиында сөз алған тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Қашқынқызы Алаш қайраткерлері мен олардың әйелдерінің Алжир түрмесіндегі ауыр  тағдырларына тоқталды.

Баршагүл Қашқынқызы – Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

1937-1938 жылдардағы оқиға қазақ зиялыларына ауыр тиді. Ұлтымыздың бас көтерер азаматтары жалған жаламен солақай саясаттың құрбаны болды. Халқымыз дарынды, білімді тұлғаларынан айырылды. Алжир Карлагтың 26-шы нүктесі болған.  Мұнда көрнекі ғалым және зиялы қауым өкілдерінің әйелдері мен балалары болды. Алжир туралы жазылған кітаптар, тарихи деректер бар болғанымен, бұл бағыт әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

Әлібек Сейдахан – Тарих ғылымдарының кандидаты, доценті

Іс-шара барысында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Кемеңгер Қайырбек бейнебайланыс арқылы "Алаш жолы - ұлттық идея негізі" тақырыбында ой толғады. Дөңгелек үстелде тарихшылар, ғылыми қызметкерлер қазақтың біртуар азаматтарының өмірі мен қайраткерлігін таныту мақсатында әлі де ауқымды жұмыстардың қолға алынып, атқарылуы қажеттігіне тоқталды. Айта кетейік, музей қорында 16 мың құжат жиналған және қуғын-сүргінге ұшыраған 4057 адамның тізімі бар.

М. Жорабай                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...