ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ

17:42, 11 қараша 2019

Түркістаннан теріскейге тағы бір көш бет түзеді. Үлкен үімітпен жолға шыққан Сейтқазиевтер әулеті көп балалы отбасы. Көшудің бірден-бір себебі баспананың жоқтығы. Арыс қаласында пәтер жалдап тұратын. Тағы бір себебі «балаларымыздың бойын жарылыстан қалған үрейден арылту» дейді көпбалалы шаңырақ иесі..

Сейтқазиевтер әулеті бүгін нақты шешім қабылдап, буынып, түйініп Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданына аттанды. Бұрын мақта өсірумен айналысқан шаңырақ иесі Бексұлтан Сейітқазиев үшін ең қолайлысы диқаншылық. Еңбекке қабілетті азамат, жері құнарлы өлкеде егіншілікпен айналысып, кәсібін дөңгелетпек.

Бексұлтан Сейітқазиев – қоныс аударушы

Кеше жарылыстан кейін Өмір ағаға жолықтым. Ол кісінің көп көмегі тиді. «Солтүстікке барып, шарушылықпен айналысып көр» деді. Өзім де шаруаға қызығамын. Басымызда баспана жоқ. Сол жақтан «үй береміз» деді.

Ұл-қыздарының жарқын болашағы үшін осындай шешім қабылдаған ата-ана үлкен үмітпен аттанды. Оларға тегін баспана беріліп, қажет болса пайызсыз несие ала алады. Бұл отбасында бес бала мектеп жасында. Демек ауылдағы   Қазақ мектебінің ошағын қайта жағып, жабылмауына себепші болмақ. «Бұл біздің руханиятымыз үшін үлкен жетістік» дейді мамандар.

Өмір Шыныбекұлы – ерікті маман

Мемлекеттік ереже бойынша мектепте 41 баладан төмен болса, мектеп жабылады. Ал, мектеп жабылды деген сөз бір ауыл жабылды деген сөз. Бұл отбасының 9 баласы бар. Бесеуі мектеп жасында. Енді сол бесеуі жабылмауына себепші.

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударғандардың қатары аз емес. Мәселен өңірімізден осы уақытқа дейін 9000 ға тарта  адамды көшіру жоспарланса, бүгінде 5000 ға жуық адам қоныс аударған. Олардың 68 % жұмыспен қамтамасыз етіліп, кәсіпкелікпен айналысуға да мол мүмкіндік берілуде.

Әлішер Әлімжан   

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...