ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

СОЛТҮСТІКТЕГІ ТІРШІЛІК

12:33, 14 тамыз 2019

Арзан бағадағы жаңа баспана. Тұрақты жұмыс. Отбасының әр мүшесіне берілетін көмек қаражат. Кәсіп ашуға тиімді – қайтарымсыз несие. Тұмса табиғат пен жайлы көршілер бөлек әңгіме. Бұл көші-қон бағдарламасыныңбасты артықшылықтары. Солтүстікке қоныс аударған Тойбаевтар отбасы осы бағдарлама негізінде тіршілігін түзеп отыр.

Туған-туыстан ажырап, өзге өңірде өмір бастау бұл отбасына қиын болған жоқ. Өйткені, бала-шаға қасыңда болса, қайда жүргенің де маңыңзды емес дейді, - отанасы. Алғашында, жұмыспен қамту орталығы арқылы солтүстіктегі ауыл-аймақтың жай күйімен танысып кеткен. Тойбаевтар көп ұзамай осы облыстың тұрғынына айналды. Шал Ақын ауданына келе салып, арзан бағаға баспана сатып алған. Қазір шаруасын дөңгелетіп, жайбарақат тірлік етуде.

Әтіргүл Тойбаева – қоныс аударушы

Оңтүстікте нәпақасын жерден айырып үйренген отбасына түгін тартса майы шығатын солтүстік топырағы да бөтен болған жоқ. Бау-бақша өнімдерін егіп, оны туған жеріне апарып саудалайды. Осы ауылдағы көршілері де Тойбаевтар отбасының тұрақты сатып алушысына айналған. Отағасының айтуынша, еңбек етем деген адамға солтүстік өңірде, жер де, мал да, жұмыс та жетеді. Айта кетейік, Солтүстік өңірлерге қоныс аудару үшін, әр азамат өзі тұратын ауданның жұмыспен қамту орталығына жүгінсе жеткілікті.

Тәңірберген Тойбаев – қоныс аударушы

ДИНАР НАХЫПБЕК – ТІЛШІ

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...