ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

«СОРА» ӨСІРГЕН САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЛДЫ

12:26, 21 маусым 2019

Түркістан облысында түрлі қылмыстың алдын-алу мақсатындағы профилактикалық шаралар нәтиже беріп келеді. Мәселен, облыс полицейлері тонау, алаяқтық бойынша бірнеше қылмыстың бетін ашқан. Сондай-ақ жергілікті тәртіп сақшылары облыс тұрғынының ауласынан есірткі тектес өсімдік тапты. Толығырақ ылмыстық топтамада.

Адамның сеніміне кіріп, алаяқтыққа ұрындыру фактілері жиі орын алады. Әсіресе бұл қылмыс әйел адамдар тарапынан көп кездеседі. Осындай жағдайлардың бірі Түркістан қаласында орын алды. Қала тұрғынының жұмыссыз жүргенін пайдаланған алаяқ әйел «Сізді мемлекеттік қызметке жұмысқа орналастырам», - деп, ақысына 600 000 теңге сұрайды. Амалы қалмаған азамат алаяққа алданып қалады. Арыз бойынша жедел іске кіріскен полицейлер күдіктінің бұдан басқа да бірнеше адамды алдап-соққанын анықтаған. Тексеру нәтижесінде алаяқ әйелдің бұған дейін де дәл осындай жағдаймен сотталып, тіркеуде тұрғаны мәлім болды. Қазір қылмыскердің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтықтың ізінше түркістандық полицейлер қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық шараларға кіріседі. Нәтижесінде тағы бір қылмыс тіркеледі. Бұл жолы қала тұрғындары баукеспенің құрығына түскенін мәлісмдеген. 40 жас шамасындағы күдікті демалыс орындарының бірінде мас күйде тұрғындарға күш көрсту арқылы бағалы заттарын тонап кеткен. Қазір тәртіп сақшылары тонаушының ісін сотқа дейінгі тексеруге жіберді. 

 Маусым айында Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері  шұғыл хабарлама алады. Онда  аудан тұрғыны өз ауласында есірткі тектес өсімдік өсіретіні айтылған. Жедел іске кіріскен тәртіп сақшылары көрсетілген жерден 5 түп «сора» өсімдігін тәркілейді. Тексеру барысында күдікті есірткіні өзі пайдаланатынын айтқан.Қазір айыпталушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...