ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

СОЗАҚ СПОРТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

11:32, 15 наурыз 2019

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев Созақ өңіріне арнайы іс-сапармен барды. Облыс спортының басшысы ондағы спорттық нысандарды аралап көріп, спортшылардың жәй-күйімен танысты.

Жалпы Созақ ауданында екі спорт мектебі бар. Онда спорттың 14 түрінен жалпы саны 428 спортшы кәсіби тұрғыда шұғылданса, 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Атап айтсақ: Футбол, гір көтеру спорты, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, белбеу күресі, дзюдо күресі, үстел теннисі, жүзу, самбо күресі, бокс, тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол спорт түрлерімен спортшылар айналысуда.

Аудан бойынша 183 спорт ғимараттары тіркелген. Оның ішінде: 2 - стадион, 4 - спорт кешені, 2 - жүзу бассейні,  42 - спорт зал,  9- ашық ату тирі, 1 - ипподром,  123  спорт алаңдары жұмыс атқаруда.     2018 жылы Құмкент ауылынан 1 спорт кешені 3 спорт алаңшасы, Қарағұр ауылынан 2 спорт алаңшасы. Жартытөбе ауылынан 2 спорт алаңшасы, Таукент елдімекенінен «samruk-Kazyna» демеушілігімен 1 спорт алаңшасы, Шолаққорған ауылынан «КАТКО»  ЖШС демеушілігімен 1 спорт алаңшасы, Шолаққорған ауылынан аудандық бюджет есебінен  «Streetworkout» алаңшасы салынып пайдалануға берілді.  Спорт нысандарын аралап көрген басқарама басшысы  сала мамандарымен жиын өткізді. Жиын барысында бірқатар мәселелерді талқыланып, атқарылған жұмыстармен танысты. Жалпы Созақ аудандық спорт бөліміне оң бағасын берген облыс спортының басшысы, жаттықтырушылардың да пікірін тыңдады. Созақ ауданынан шыққан бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов сияқты спортшылар шығатынына сенім артып тарқасты.

 Асхат Мырзахметов                                                       

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...