ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!! Толығырақ

СОЗАҚТЫҚТАР 90 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ!

17:00, 13 ақпан 2018

Биыл Сырлы Созақ ауданына - 90 жыл! Қазақ хандығы құрылған алғашқы астананың тарихы тереңде жатыр.... Талай танымал тұлғалар түлеп ұшқан бұл өңір - көне кесенелер мен құнды жәдігерлер сақталған киелі мекен. Теріскей өңірінің мерейтойына арнап, Пушкин атындағы облыстық кітапхана сырлы кеш өткізді. Ауданның жетістігін жырлап, күмбірлеген күйден.. сыр шертті.

Қойнауынан құт дарыған, шатқалынан шаттығы тасыған Созақ өңірі - ырыс пен ынтымақтың қайнар бұлағы. Халқы еңбексүйгіш, жері құнарлы мекен, бүгінде өндіріс орындары өркендеп, агроөнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы  дамыған  аудан  ретінде танылып келеді.    

Асқар Мыңжасар – ҚР Мәдениет қайраткері

Басқа аудандардан біздің ауданның ерекшелігі: мал басынан алынатын өнімдерді арттыруда алдыңғы қатарда... Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптер дамып келеді. Ауданның келбеті бүгінде басқаша өзгерді.

Білім бұлағы сақталған орталықта жастарға берері мол тағылымды іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Бүгінгі жиынның мақсаты - жас оқырманды Сырлы Созақ өңірінің сырымен таныстырып, күй елінің жырынан сыр шерту.

Гүлзира Сыралиева – Пушкин атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың тарихи-өлкетану бөлімінің меңгерушісі

Жалпы биыл аудандардың мерей тойын өткзіу жоспарланған. Міне Созақтың 90 жылдығы, Қазығұрттың 90 жылдығы, алда Бәйдібек, Түлкібас аудандарының мерей тойлары бар. Мұндағы мақсат,  жастарды патриоттық тәрбиеге баулу,  жерді, елді сүйуге шақыру..

Әсерлі кеште бас қосқан қаламгерлер теріскейдің тағылымды тарихына терең үңілді. Аласапыран заманда халықтың баз кешіп, жерін тастап, босып кетпегені... осы жердің қасиет-киесі жоғары екенін аңғартады. Созақтың 90 жылдығын атап өту шарасы мұнымен толастамайды. Ауданның жоспарлаған ауқымды шаралары алда.

А.Бидан 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
18:28, 17 тамыз 2018
РУХАНИ ШАҺАРДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН, ТҰҢҒЫШ ЖИЫН
Толығырақ...
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШІ
14:54, 17 тамыз 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ЖЫЛЫЖАЙ САЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН КӨРСЕТПЕКШ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
14:44, 13 тамыз 2018
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
14:49, 15 тамыз 2018
ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ ТҮЗЕЙДІ
18:16, 14 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ТҮРКІСТАНҒА КӨШ...
Толығырақ...