ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ СТУДЕНТТЕР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

20:07, 12 желтоқсан 2019

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты олимпиадалық спорт мектептері мен жоғары спорт шеберлігі мектебі ұжымы үшін биылғы жыл табысты болды. Бұл туралы педагогикалық кеңесте өткен жиында айтылып, сала мамандары лицензиялық турнирлерге дайындықтарын талқылады.

Түркістан  облысының жоғары  спорт  шеберлігі  мектебінде  өткен  педагогикалық  кеңесте  басқарма  басшысы Полат  Қырықбаев  ең  алдымен  биылғы  жылды қорытындылап, Конфедерация  Кубогінің  жеңімпазы атанған түркістандық  боксшыларды  құттықтады. Басқосуда  бокстан  облыс  құрамасының  аға  бапкері Олжас  Оразалиевке  алғыс  айтып, Токио  олимпиадасының  лицензиялық  турнирлеріне қатысатын  спортшыларға  сәттілік  тіледі. Биыл төртжылдықтың  басты  спорт  додасы –кезекті  жазғы Токио  олимпиадасының   жолдамасын  сарапқа  салатын  жауапты  жыл. Әрбір  спортшы  ұл-қыздарымыздың әлемдік  дейгейде  оқу-жаттығу  жиындарына  қатысып,  жоғары  деңгейде дайындық  жасауда. Сала  мамандары  мен  бапкерлер  Түркістан  облысынан  лицензиялық турнирерге қатысатын жерлестеріміздің  дайындықтарын пысықтады. Облыстық  жоғары  спорт  шеберлігі  мектебінің  директоры Нұрмахан  Мелдеханов биылғы жыл  ұжым  үшін ерекше жақсылыққа  толы  болғанын  айтты.  Мұнан соң педагогикалық кеңес еліміздің даңқты боксшысы, Сидней  олимпиадасының  күміс  жүлдегері Мұхтархан  Ділдәбеков  басқаратын  облыстық  №5  бокстан  олимпиадалық  спорт  мектебі  ұжымында  жалғасты. Бокстан  әлем  чемпионатының  жүлдегері  түркістандық Дина Исламбекова–осы спорт  мектебінің  шәкірті. Бұдан  басқа №1  олимпиадалық  спорт  мектебін  басқарып  отырған  Нұрлан  Ақсақалов та   жаттықтырушылар  мен  спортшылардың жетістіктерін  саралады. 11 спорт  түрлері  бойынша  әр  сала   жылдың  қорытындысын  шығарып, Токио  олимпиадасына жан-жақты  дайындықтарын  талқылады. Сонымен  қатар, 25  жылдық  тарихы  бар  Түркістан  облыстық №2  олимпиадалық  спорт  мектебінің  директоры Нұрлан  Айтмурзаев педагогикалық  кеңесте  әлем, Азия  чемпиондары мен Қазақстан чемпионатының  жеңімпаздарын құттықтады. Жиында әлемдік  додаларда еліміздің  намысын  жоғары  дейгейде  қорғап  келе  жатқан  ізбасарлар мен бапкерлер  бәрінен  де  бұрын ұлттық  намысты  жоғары  қоятындықтарын  айтып  тарқасты.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
17:57, 23 қаңтар 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...