ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

СПОРТШЫЛАР МЕРЕКЕСІ

17:52, 14 тамыз 2019

Шардара ауданының орталық стадионында спортшылардың кәсіби төл мерекесі аталып өтті. Спорттық сайыс түрінде өткен шараға сала мамандары белсене қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Қорытындысында, үздіктер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Еліміздің намысы үшін түрлі додаларда бақ сынап жүрген спортшылардың кәсіби төл мерекесі   облыс орталығы мен барлық аудандарда    жоғары деңгейде аталып  өтуде.  Айтулы мереке   Шардара ауданында да жарқын көрініс тапты.    Қол күресі десе есімізге бірден түсетін аймақта басқа да спорттың түрлері қарқынды дамып келеді.

Қайрат Жолдыбай - Шардара ауданының әкімі

 Сондай-ақ, спортшылар арасында шахмат, дзюдо, футбол, үстел тенисі сынды спорттық додалардан өзара спартакиада өткізді. Айтулы шараға мектеп оқушылары да көптеп қатысты. Бұл жарыста  нағыз  мықтыны анықтау- оңайға соқпады.   Өйткені,  жарысқа қатысушылардың арасында осалы болған жоқ.

Мейрамбек Нұрпейісов - үстел тенисінен аға жаттықтырушы

 Айта кетейік, спорт күні елімізде тамыз айының әр үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл Елбасының 2003 жылғы 15 қарашасындағы жарлығымен бекітілген мереке.

 

Ә. Дәулетбекқызы                                                                  

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...