ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

СПОРТШЫЛАР ЖАТТЫҒУЫН БАСТАДЫ

14:24, 14 ақпан 2020

Түркістан облыстық №2 олимпиада спорт мектебінің шәкірттері пауэрлифтингтен Чехия елінде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Іріктеу Леңгір қаласындағы спорт кешенінде өтетді. Онда бапкерлер ең мықты деген жастарды әлемдік додаға дайындайды.. Тақырыпты тілші жалғастырады.

Түркістан өңірі мен Кентау қаласынан келген жасөспірімдер мен жастар кезекті рет біріккен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдауда. Жерлестеріміз алдағы кезде өтетін Ел біріншілігі мен Азия, әлем чемпионаттарына жоғары деңгейде дайындықтарын бастады. Пауэрлифтингтен облыс құрамасының аға бапкері Тұрап Таджиевтің айтуынша, өңіріміздің спортшылары Қазақстан чемпионатының іріктеу сайыстарына қатысатын болады.

Тұрап Таджиев - пауэрлифтингтен аға бапкер

Шәкірттеріміз Азия және Чехияның Плезен қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын бастады. Қазір облыс пауэрлифтингтері облыс біріншілігінің іріктеу сайыстарына дайындалуда. Жүк көтеру спорты- алдағы кезде олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мумкін.

Пауэрлифтингтен облыс құрамасына іріктеу Леңгір қаласында өтеді. Оған өңіріміздің ең талантты деген спортшы ұл-қыздары шақырту алған. Білікті басшы Нұрлан Айтмурзаев жетекшілік ететін спорт мектебінде олимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері кәсіби тұрғыда қарқынды дамытылып келеді. Бүгінге дейін мұнда темір көтеруден 4 спорт шебері және 8 ұлттық құраманың мүшесі дайындалған. Сонымен қатар, осы мектептің ізбасарлары баскетболдан кезекті облыс біріншілігінің іріктеуіне жоғары деңгейде жаттығу жұмыстарын өткізуде. Шарша алаңда баскетболшыларымыз тәжірибелерін арттырып, 14 ақпанда Мырзакентте өтетін биылғы облыс чемпионатына дайындалуда.

Роман Асимбеков - Баскетболдан жаттықтырушы

Бүгніде облыс чемпионатына дайындық жұмыстар өткізілуде. Алда баскетболдан Қазақстанның біріншілігі бар.

Түркістан облысы бойынша білікті бапкерлер мен спорт мамандары қызмет атқаратын №2 олимпиадалық спорт мектебінің ұжымы жыл сайын ғаламат жетістіктерге жетіп келеді. Облыс құрамасы баскетболдан шаршы алаңдағы басты қарсыластары Алматы, Қарағанды, Талдықорған қалалары мен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларын жеңіп, үздіктер қатарынан көрінеміз деген басты жоспарлары бар.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...