ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ

12:40, 13 ақпан 2020

Атырау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Айтулы додаға еліміздің барлық аймағынан сен тұр, мен атайын деген самбошылар жиналып, мықтыларды анықтады. Тартысты өткен жарыста Түркістан облысының балуандары 4 алтын, 4 күміс, 6 қола медальді еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйдер арасында ел біріншілігі мәресіне жетті. Республикамыздың 17 аймағынан, 400-ге жуық балуандар қатысып, 9 салмақ дәрежесінде жеңімпаздардың есімдерін анықтады. Боз кілем төрінде әйелдер арасында 48 келі дәрежесінде белдескен жерлесіміз Айжан Жылқыбаева жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінсе, 80 келіде белдескен Азман Амаеваға тең келер қарсылас болмады. Ал, ерлер арасында өткен белдесуде боз кілем көркін қыздырған 82 келідегі Тоқтар Айдарбек қарсыластарын шақ келтірмеді. 100 келіден жоғары салмақта боз кілем көркін қыздырған Бибарыс Абдуғани абсалютті чемпион атанды. Самбо күресінен ерлер арасында Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Қорған Тұрымбетов бұл чемпионатқа шәкірттерін жан-жақты дайындап барғанын айтып, өз ойымен бөлісті.

Қорған Тұрымбетов – Самбо күресінен аға жаттықтырушы

Самбо күресінен өткен ел чемпионатында әйелдер арасында болшағынан мол үміт күттіретін жерлесіміз Перизат Жақыпбекова, Ақерке Абдукаримова, Пайыз Жадыра күміс алқаны иеленді. Ал, ерлер арасында 100 келіде Жолдасбек Бектұрсынов екінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар Гүлзира Құдасбек, Айнұр Ақжігітова, Сайт Рустамхановтар қола медальді қанағат тұтты. Жалпы командалық есепте ерлер мен әйелдер арасында Түркістан облысының балуандары бірінші орынды иеленді. Самбо күресінен ерлер арасында араға жеті жыл салып жерлестеріміз алтын алқаға қол жеткізді.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
15:10, 17 ақпан 2020
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
Толығырақ...