ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРГЕ ФРАНЦИЯДА ҚОЛЖЕТІМДІ БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

18:17, 6 желтоқсан 2018

Бүгін Франция үкіметінің өкілдері мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және «Француз Альянсы» өкілдігі үш жақты келісімге қол қойды. Мақсат – екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып, өзара тәжірибе алмасу. Енді маңызды құжат негізінде университет жастары Францияда алаңсыз білім алып, өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алмақ.

Мәдениеті озық мемлекетпен тәжірибе алмасу – өңіріміздің мәдениеті мен туризмді дамытуға оң ықпалын тигізеді. Маңызды басқосуда Франциядан келген делегаттар халықаралық байланыстың маңыздылығына тоқталды. Білім саласын нығайту мақсатында франциялық үкіметінің өкілдері  мен  облысымыздағы  «Француз Альянсы» ұйымы  және университет басшылығы 3 жақты келісімге қол қойды. 

Қайрат Нұрманбетов – М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры

Біздің мақсатымыз еуропалық негізгі тілдердің бірі болып табылады. Француз тілінуниверситет студенттері мен оқытушылары үйренуі үшін жағдай жасап отырмыз. Сондықтан, Француз Альянсы қоры жұмыспен танысуға сыртқы дипломатиялық қарым-қатынас бойынша келіп отыр.

Француз Альянсы» әлемде 1883 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 800-ден астам өкілдігі бар. Ұйымды құрудағы негізгі мақсат –  француз тілі мен дәстүрін, мәдениетін насихаттау.

Филипп Мартинэ - Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі

Қазақстан қай салада болмасын дамып келеді.Мәдлениет, туризм, археология саласында жұмыс істеуге үлкен мүмкіндіктер бар. Біздің алдағы уақыттта Түркістан облысының экономика саласына қатысты жаңа жобаларды ұсынбақпыз.  Франция елінің мәдениетін насихаттауға зор үлес қосып жүрген Қазақстандағы әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Пьер Табарэ – Франция  Республикасы Ұлттық ассамблеясының  депутаты

Франция – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекеттердің бірі.Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынаста беки түскен. Айтып өтейік, Франциядан келген мәртебелі меймандар үшжақты келісімнен бөлек,Түркістан облысының экономика саласына инвестиция тартып, жаңа жобаларды ұсынбақ.

 

М.ӘСЕМБЕК                                                                                           

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...