ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ

15:42, 21 тамыз 2019

Қаладағы «Сәуле» шағынауданының тұрғындары ай мен күннің аманында далада қалып отыр. Жер астындағы су құбырының жарылуынан бір отбасының баспанасы қирап қалды. Құбырдан аққан су жерге әбден сіңіп, көше бойына ендеген. Салдарынан Ғани Мұратбаев көшесі дәл ортасынан екіге жарылып тұр. Суға жауапты мекеме болса, бұл біздің кінәміз емес деп отыр.

Оқиға сенбі күні басталған. 2012 жылы ғана тұрғызылған жаңа үйі қақ ортасынан айрылған. Қарлығаш Жақаева төтеншеліктерді,  суға жауапты мамандарды шақырып дабыл қаққан. Тексеру нәтижесінде,  су құбырының көрші үйге баратын бөлігі  жарылғаны анықталды.   

Қарлығаш Жақаева – Шымкент қаласының тұрғыны 

Тайм: 6 балам бар, қарт енем бар аяғынан жүре алмайтын,Айдың-күннің аманында далада қалдым. Үй ортасынан жарылды. Водоканалды шақырдым. Біз жауап бермейміз, - деп отыр. Мен енді қайда барам. Не істеймін?

Қарлығаш  Жақаева  «Су ресурстары маркетинг» ЖШС  Әл-Фараби аудандық бөліміне барыпты. Мұндағы  жауапты сала мамандары бұл  оқыс оқиғаға біздің түк қатысымыз жоқ деп, -шығарып салған. .

Жаннұр Қабылбеков – «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС инженері

Тайм: Жағдайды түсініп отырмыз. Өзім бұл мәселемен айналысып жатырмын.Бұл кісілердің құбырын жөндеп береміз, дегенмен, бұл бір жақты мәселе емес... Басшылық та бір ауыз сөз айтуы керек.

Шағынауданға жауапты инженер құбырды жөндеп береміз дегенмен мәселе мұнымен бетпейтіні анық. Жарылған үйдің шығынын кім өтеп бермек?  

Кеңес Алибаев – «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС заң бөлімінің басшысы

Аударма: Шынымды айтсам, бұл мәселемен біздің серіктестік айналыспайды және үйдің зақымдануына біздің қатысымыз жоқ.Оған құбыры жарылған көршісі жауап берсін. Бұл жерде абоненттің өзі айыпты. Есептеуіштен неге сонша көп сома шығып жатыр деп, алаңдауы керек қой?Сондықтан, мен бұл мәселеде 29 үйдің тұрғындары әкімдікке барып көмек сұрасын дер едім. Ол жақта әлеуметтік бағдарламалармен айналысатын бөлім бар.

Мекеме заңгері суды олар бергенімен, есептеуіштен ары қарайғысы абоненттің өз мәселесі,-деп отыр.  «Зақым келген үйге серіктестік жауап бермейді. Біздің мекеме әлеуметтік көмекпен айналыспайды», - деп далада қалған тұрғындардың баспана мәселесін қалалық әкімдікке бір-ақ сілтеді.Ал зардап шеккен отбасы қираған үйін кімнен дауларын білмей? , - баспанасыз  далада қалды.

Д.НАХЫПБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРУ ҰРЛАҒАН СЕРЖАНТТЫҢ СЫБАЙЛАСТАРЫ ҰСТАЛДЫ
11:38, 25 ақпан 2020
ҚАРУ ҰРЛАҒАН СЕРЖАНТТЫҢ СЫБАЙЛАСТАРЫ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...