ШҰҒЫЛ! ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

17:28, 11 ақпан 2020

Түркістан облысында су тасқынынан келер қауіп жоқ. Бұл күнделікті мониторинг қорытындысында мәлім болған ақпарат. Алдын алу және келеңсіз салдарды болдырмау мақсатында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев осы мәселелерді талқылап, талдады. Жиында бұдан өзге де ауқымды тақырып қозғалып, аудан-қала әкімдері мен басқарма басшыларына тапсырма берілді.

Жиында Шардара ауданындағы Сырдария өзені жағасындағы қорғаныс дамбасының қазіргі ахуалы сөз болды. 2017 жылы тасқын судан шайылғаны әлі күнге дейін есімізде. Ендігі бір қауіп осы орында болып тұр екен. Енді қалпына келтіру үшін комиссия құрылып, қауіптің алдын алу мақсатында күш салынбақ. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы жауапты сала жетекшілеріне суармалы су тапшылығының алдын алуды да тапсырды.Сондай-ақ, көмекке мұқтаж жандарға демеу болған «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы халықтың қуанышын еселегені белгілі. Бұл тақырып та күн тәртібінен түспейді енді. Жан-жақты көмек көрсетуді көздеген ауқымды шара аясында 1 мың 643 отбасы қамқорлықтың шарапатын сезініп, көмек алады. Ол үшін аудан, ауыл әкімдері, депутаттар мен кәсіпкерлер және белсенділер оларға тәлімгер ретінде бекітілді. 

Әсия Темірбаева, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы 2020 жылдың қазан айында жалпыұлттық халық санағы өтеді. Бұл ел тарихындағы үшінші санақ. 1-30 қазан аралығына жоспарланған ауқымды шараның біраз ерекшелігі болғалы тұр. Науқандық жұмысқа заманауи ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылмақ. Мәселен, ең алдымен, қазақстандықтарға интернет арқылы деректерін өз бетінше ендіру және барлық сұрақтарға жауап беріп, белгі соғу мүмкіндігі ұсынылады. Ал, деректерді аралап, сұрау жүргізу үшін 30 мың маман дайындыққа аттанбақ.

Н. Мұхамеджан

 


 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
18:37, 27 наурыз 2020
ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...