ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

СУ ТОҒАНДАРЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

21:00, 11 ақпан 2019

Түркістан облысында су тоғандарына бақылау күшейтіледі. Бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен облыс әкімінің кеңейтілген мәжілісінде осы мәселе жіті қаралды. Сондай-ақ, өңірде қолға алынған «Түркістан адалдық алаңы» жобасының жұмысы таныстырылды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - «Гидротехникалық нысандарды тасқын судан сақтау, жинақтау және бөлу». Осыған сәйкес сөз алған ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов аймақта 26 шағын су қоймасының құрылысын жүргізу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына жаңа 25,5 мың гектар жер енгізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

 Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Оның ішінде, Кентау қаласындағы Шошқакөл тоғанын, Сарыағаш ауданындағы Дарбазасай су қоймасын салуға ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне инвестициялық ұсыныс берілді. Шошқакөл тоғаны бойынша ҚР ҰЭМ оң шешімі алынды. Су ресурстары комитеті тарапынан құжаттарын әзірлеуге қаржы қарастырылуда.

 Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы құны 1,2 млрд. теңгеге 10 нысанды қалпына келтіру жоспарлуда. Нәтижесінде, Түркістан облысында 400 гектар жер жаңадан іске қосылып, 6 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіледі, 1,2 мың гектар аймақтың мелиоративтік жағдайы жақсармақ. Келтірілген деректерді мұқият тыңдаған облыс әкімі күн жылып, көктем мезгілі басталмай тұрып, ертерек, өңірдегі барлық су тоғандарына бақылауды күшейтуді тапсырды. 

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Суармалы жерлерді қалпына келтіру бағытындағы каналдарды республикалық меншікке өткізілуі қажет. Облыстағы барлық су қоймалар мен тоғандардың жағдайына талдау жүргізілсін. Қатаң тексеріледі. Қар суы мен тасқын суларды жинау үшін жоспарланған 26 шағын су қоймасының ЖСҚ-н мерзімінде әзірлеп, құрылыс жұмыстары басталуы тиіс. Ал жаз мезгілінде егін алқаптарында су тапшылығын жою мақсатында арнайы іс-шара қабылдап, облыстың суармалы егістік алқаптарының ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырамын

 Жиында 2015-2018 жылдары аралығында бюджет есебінен жобалық сметалық құжаттамаларға бөлінген қаржылардың есебіне талдау жүргізу жайы қаралды. Сондай-ақ, «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған жұмысы тыңдалды.

 Қазбек Қамбаров – «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі

Жаңадан құрылған облыста халыққа адал қызмет көрсету жайы облыс әкімінің бақылауында болмақ. Осыны ерекше айтқан аймақ басшысы Түркістан облысындағы әрбір ауыл мен аудандарда халыққа кедергісіз қызмет көрсету үшін арнайы орталықтар ашу керектігін айтты. 
 

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
17:53, 17 сәуір 2019
ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Толығырақ...