ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

СУАСТЫ ӨТПЕ ЖОЛЫНЫҢ ЖАҢА УЧАСКЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:33, 8 қараша 2018

«ҚазТрансОйл» Акционерлік Қоғамы «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының Шаян өзені арқылы өтетін су асты өтпе жолының жаңа учаскесін іске қосты. Жұмысын бастаған учаскенің ұзындығы 442 шақырымды құрайды. Бұл аумақ мұнай құбырын қауіпсіз пайдалануға, сондай-ақ, экологиялық апаттарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Шымкент мұнай құбыры басқармасы 1983 жылы 7 ақпанда құрылды. Мұнда қазір 385-ке жуық білікті жұмысшы және инженерлік-техникалық құрам бар. Бүгінгі таңда осы басқармаға қарасты «Павлодар-Шымкент» мұнай құбырының Шаян өзені арқылы өтетін су асты өтпе жолында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бекайдар Маренов – «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы

- Қазіргі таңда біз мұнай құбыры жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Шаян торабындамыз. Біз Шымкент мұнай құбыры басқармасы «Павлодар-Шымкент» және «Шымкент-Шағыр» мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдаумен айналысамыз. Былтыр су асты өтпе жолын салу жұмысы қолға алынған болатын. Енді қазір біз сол учаскелерді іске қоспақшымыз. Материалдық базасы толығымен қамтылған. Техника да, жұмысшылар да сақадай сай дайын. Енді бұл жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарамыз деген ойдамын.

 

Су асты өтпе жолын ауыстыру жұмыстары құбырішілік диагностика қорытындысы негізінде жүргізіліп жатыр. Бұған дейін «Павлодар-Шымкент» магистральды мұнай құбырының осы бөлігінде ақаулар анықталған болатын. Шаян өзенінің ағысы қатты болғандықтанмұнай құбырларын су шайып кету және ішінара жалаңаштану тіркелген еді.

Рамазан Қырықбай – «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының  бөлім бастығы

- Біздің басты мақсатымыз – Құмкөл және Ақтөбе мұнайын тасымалдау. Бүкіл мұнай құбырында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы мақсатта мұнай құбырларына диагностика жұмыстарын жүргіземіз. Біз қазір Шаян өзенінің бойында осы 2 құбырды жалғау жұмыстарын жасап жатырмыз. Қазір мұнай тасымалдау процесі тоқтатылады. Арнайы сораптар арқылы мұнайды ауыстыратын учаскелерден ығыстырып, сырмаларды жаба отырып, құбырды кесіп, жаңа құбырды жалғауды жоспарлап отырмыз.

 «ҚазТрансОйл» Акционерлік Қоғамы үшін еңбектің қолайлы және қауіпсіз жағдайларымен қамту, кәсіби өсуі үшін мүмкіндікті ұсыну, жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығына қамқорлық жасау – басты назарда. Ал, су асты өтпе жолының жаңа учаскесі болса, мұнай құбырын қауіпсіз пайдалану мен осы аймақта экологиялық апаттардың алдын алуға септигін тигізбек.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА       

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...