ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

СҰЛУЛЫҚ САЛОНДАРЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚАЛАЙ?

12:28, 20 қараша 2020

Талап бір, тәртіп ортақ! Шымкенттегі сақтық шараларын бақылау мақсатында Еңбекші ауданының аумағында рейд жүргізілді. Ол үшін арнайы мобильді топ құрылған. Бұл жолғы тексеру әсемдік салондарында жалғасты. Нәтижесінде, бірқатар мекемелерден заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.

Тексеру жұмыстары Шаяхметов көшесіндегі мына сұлулық салондарынан басталды. Аталған нысанның есігін аша сала бірден лас еден жуғыш көзге ілікті. Одан қала, мекемеде температура өлшейтін құрылғы жоқ болып шықты.

Ары қарай рейд барысында тіпті салон қызметкерлері мен тұтынушылардың карантин режимін сақтамағаны анықталды. Яғни бетперделік режимге бей-жай қараған. Тәртіп сақшысы салон қызметкеріне ескерту жасағанына қарамастан, әрі қарай жұмысын жалғастыра берді. Сол мезетте мекеме басшысын шақыртып, айыппұл салынды.

Өзге сұлулық салонында да осыған ұқсас жағдайлар қайталанды. Шаш қиятын шеберлер медициналық қолғапсыз қызмет көрсетіп жатқанының үстінен түстік. Арнайы мобильді топ өкілдері ескерту жасады. Осы ғимараттың басшысын ізген едік, бірақ көзге көріне қоймады. Десек те, аталған мекеменің байланыс нөмерін жазып алып, алдағы уақытта шара қолданылатынын мобильді топ өкілдері жеткізді.

Тамара Алдабергенова - Шымкент қаласы  Еңбекші аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы

Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңбұзушылықтар тек мұндай мекемелерде ғана емес, тойхана, кафелер де анықталып жатыр. Яғни тұрғындар карантин шектеулеріне қарамастан, той жасап жатқан көрінеді.

Берік Тоқсейітов – Еңбекші аудандық полиция бөлімінің аға

Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылық анықталды. 2 сұлулық салонына айыппұл салынып, қалғандарына ескерту жасады.    

Айдана Қуанышқызы                                                         

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар