ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

СУСЫЗ ПІСКЕН ҚАРБЫЗ

14:04, 11 қыркүйек 2019

Өңірімізде суды мүлдем қажет етпейтін қарбыз тұқымы пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым агроном Бердияр Қалымбетов Келес ауданынының егістік алқабында сәтті жүзеге асырды. Көкөніс тұқымының ең пайдалы тұсы шығыны аз. Суды, тыңайтқышты, жерді техникамен өңдеуді қажет етпейді. Ең бастысы артықшылығы жер талғамайтынында. Облысымызда суармалы жер қорының аз екенін ескерсек жайылымнан өзгеге жарамсыз тәлімі алқаптардың өзінен пайда табуға мүмкіндік туып отыр.

Қарбыздың дәні ашық алқапқа егілді.  Егістік жер алдымен суарылып,  тұқым  ылғалды топыраққа себілді.  Бірақ жергілікті жерге бейімделген қарбыз шопағынан гөр тереңдеу тасталды.

Әбдіәкім Қарабалаев - Агроном

15 сантиметр тереңге егіп, бетін нам қашпайтындай  еттік. Содан бері бірде бір рет  арасына адам кірген жоқ. ешқандай тыңайтқыш берілмеді. Егілген күйі тұр. Бір орында тұрып пісті.

Сырт көзге көкөністің күзде кеш пісетін қара қарбыздан айырмасы жоқ. Бірақ бұл тұқымнан ерекшелігі ерте пісіп жетілді. Және жаздыгүнгі  46-48 градус аптап ыстыққа шыдас берген.

Бердияр Қалымбетов - Ғалым, жоба жетекшісі

Қабығы өте қалың. 2-3 елі қабығы бар. Тәттішипалы. Тамыр ылғал іздеп төмен кете береді екен. Осы жердің өзінде 7-8 метрге дейін барғанын көрдік тамырынан

Қарбыз тұқымы көрші Өзбекстаннан әкелінді. Самарқан облысы Жанбай аумағының шаруалары көкөністің бұл түрін ұзақ жылдан бері өсіріп келеді. Қара қарбыз тұқымының гектарынан 80-90 тоннаға дейін өнім жиналды. Тағы бір ерекшелігі өнімді ұзақ уақыт сақтау болады,-дейді ғалым.

Бердияр Қалымбетов - Ғалым, жоба жетекшісі

Биылғы мақсатымыз осы қара қарбыздың тұқымын  тұқымдық қор ретінде  сақтап, келесі жылы өңірдің таулы бөктерлеріне, Сарыағаш, Қазығұрт аудандарындағы тәлімі жерлерді таңдап сынақтан өткізбекпіз.

Ғылыми тәжірибе сондай-ақ биыл  өңірдің Жетісай ауданы мен  Түркістан  қаласы маңында да сынақтан өткізілді. Нәтижесі жақсы. Осы іс тәжірибені өңір шаруаларына үйрету үшін арнайы семинар кеңес өткізілмек.

Ә. Дәулетбекқызы                                                     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...