ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ

19:44, 22 қараша 2019

Түркістанда алғаш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті. Алқалы жиын парасыз адал қоғамды қалыптастыруды көздейді.

Форумды ұйымдастыруға Түркістан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаменті мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ұйытқы болды. Жиынға алыстағы Америкадан, Түркиядан және Әзірбайжан, Түркіменстаннан қонақтар шақыртылған. Олар жасаған баяндамада өз елдерінде жемқорлықпен күрес жолдарын жеткізді. Өзге елдердің тәжірибесін саралау арқылы  дамушы  еліміз өз жолын таңдап алмақ..  

Ұлан Тәжібаев- Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Елбасының тарихи шешімімен жаңа облыс болып құрылған Түркістан жерін жемқорлықтан азат етіп, адалдықтың мекеніне айналдыруда бүгінгі халықаралық форумның қосар үлесі зор.

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хаб Басқарушы комитетінің төрағасы – Әлихан Бәйменов жемқорлықты болдырмаудың 5 үлгісін атап көрсетті. Әрбір азамат туылғаннан бастап алғашқы тәрбиені отбасыдан алады. Бірінші үлгі отбасыдан басталуы керек. Екінші білім беру ортасында. Мектеп пен университетте пара бермеуге дағдыланыру қажет. Үшіншіден  жұмысқа тұрғанда ауызбастырық бермеген жөн. Төртінші дін өкілдері де парақорлықтың түбі қорлық екенін насихаттаса. Бесінші жемқорлар сотта аяусыз жазалану қажет.

Әлихан Бәйменов- Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хаб Басқарушы комитетінің төрағасы

Егер біреу 150 мың теңге алып 6 жылға сотталып, 2 млн пара алған одан азға сотталса, сіздерге деген сенім жоғалады.

Цифрлық технология,электронды үкімет жобалары адам-ақша қатынасын болдырмау үшін қызмет етуде. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында университет ұжымының атқарып жатқан жұмысы да өзгелерге үлгі етілді.

Болатбек Абдрасилов-Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры

ҚР СЖ қарсы 2025 жылға дейінгі бағдарламамен жұмыс істеп жатырмыз. Ол профилактикалық шараға бағытталған. Оқу процесіне «Коррупцияға қарсы мәдениет» деген пәнді енгізіп жатырмыз.

Н.Кенжехан 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...