ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

18:28, 15 мамыр 2019

Сыбайластық қылмысына мейлінше бейім салалар анықталды. Енді департамент қызметкерлері жемқорлық жиі кездесетін әр бағытта қылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейтетін болды. Осы және өзгеде мәселелер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы ұйымдастырған бейне брифингте әңгіме өзегіне айналды.

 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі  ұйымдастырған брифингте бүкіл өңірлердегі департамент  қызметкерлері  бейне байланыста болды. Атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып кемшін түсіп жатқан салалар сараланды. Мәселен көптеген құжат айналымын ХҚКО-на өткізу арқылы жемқорлық қылмыстары төмендеген. Сонымен қатар қоғаммен байланыс нығайған сайын осы қылмыс түрімен күрес оңтайланған.

Бұл жиынға қоғам белсенділері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері де шақыртылған. Басты мақсат қоғамдық дерттің себептерін жан –жақты саралау. Айтқандай сауалнамаға сүйенсек  елімізде сыбайластық дендеп тұрған денсаулық пен білім саласы –дейді бюро қызметкерлері. Мемлекеттік сатып алу саласыда сыбайластыққа қолайлы орта көрінеді. Ал жемқорлық жиі кездесетін қызмет орыны полиция саласында дейді брифингке қатысушылар.  Елбасының тапсырмасына сәйкес Шымкентте де  адалдық алаңы жобалық офис ашылған. Бұл орталықта сыбайластықтың дамуына қолайлы орталарды анықтаған.

 Айбек Шілманов  - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Бізде осы Шымкент қаласында ең күрделі мәселелердің бірі деп Білім саласы, денсаулық саласы мен полиция қызметін алған болатынбыз. Неге десеңіз осы салалар бойынша тұрғындардан көп шағым түседі. Жалпы жиынға келіп жүрген қоғамдық өкілдерден осындай пікір аңғардық. Осы таңдаулар бойынша тиісті салаллармен бірлесіп жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын бастап кеттік.

 Агенттіктің мақсаты сыбайластықпен күресуге барынша қоғам өкілдерін қосу.  Себебі бүтін ұлттың тағдырына зиянды әсері бар дертті жоюға  бір ғана агенттік қызметкерлерінің  қауқары жетпейді. Сондықтан тиісті сала мамандары бүкіл ел тұрғындары  ортақ мақсатқа жұмылу керектігін айтады.

К. Дүйсенбі 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...