ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

16:28, 23 тамыз 2019

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері қаламыздағы ветеринарлармен арнайы кездесті. Жиын барысында сыбайластық өзекті мәселе екендігі түсіндіріліп жемқорлыққа жол бергендер жауапсыз қалмайтындығы ескертілді.

Бұған дейін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша инспекциясында сыбайластыққа қарсы  түрлі шаралар ұйымдастырылып келген. Адалдық алаңы , парасаттылық  дөңгелек стөлі   секілді қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілген. Алайда агенттік қызметкерлерінің қалалық инспекцияға қайта келуіне тура келді. Ағымдағы жылдың 11-ші маусымында аумақтық инспекция басшысының міндетін атқарушысы  парамен ұсталып ісі сотта қаралды.  

КАМАЛ ҚАБЫЛБЕКОВ – ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Басшысының міндетін атқарушысы Нақыпбековтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Ол іс өндіріспен орындалып сотқа жолданған болатын. Сот үкіміне сәйкес 3 млн теңге айыппұл салынған. Сол іс бойынша инспекция қызметкерлеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

К. ДҮЙСЕНБІ    

Тақырып бойынша материалдар

  «СТАЛИНДІК СҰҢҚАР» -  РАШИД  БЕКЕТОВТІ  НЕГЕ  АЗ   БІЛЕМІЗ?
12:21, 25 ақпан 2020
«СТАЛИНДІК СҰҢҚАР» - РАШИД БЕКЕТОВТІ НЕГЕ АЗ БІЛЕМІЗ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...