ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

18:07, 3 шілде 2020

6 шілде Елорда күніне орай Шымкент қаласының бірқатар денсаулық сақтау саласының мамандары мен БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов марапат иелеріне ҚР Президенттің наградаларын табыстады. Қиын қыстау кезеңде уақытпен санаспай қызмет етіп келе жатқан кәсіп иелеріне қала әкімі алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

Әлемді шарпыған қатерлі індет тығырыққа тірегенде қиындыққа  қасқая тұрған ақ халаттылар еңбегі өлшеусіз. Адам жанына араша түсіп жүріп, медицина қызметкерлерінің 20 пайызы аты жаман ауруға шалдыққан. Десе де, гиппократ алдындағы уәдесіне берік мамандар ұлт саулығы үшін күресуді азаматтық парызымыз деп біледі.

Сарсен Пернебеков -  «№2 қалалық аурухана» МКК-ның бас дәрігері

Баян Рыстаева -  «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі

Карантиндік режим енгізілсе де күні-түні тынбай еңбек еткен қызметкерлердің бірі – БАҚ өкілдері. Жиында осы салада тынбай еңбек етіп келе жатқан Оңтүстік телеарнасының редакторы Мұхтар Атабек пен Қаһарман Сұлтанов та марапат тұғырынан көрінді. Халықтың үні, көзі әрі құлағына айналған кәсіп иелері бұдан әрі де ел үшін тынбай еңбек ете беретінін жеткізді.

Мұхтар Атабеков – «Оңтүстік» телеарнасының редакторы

Жиын соңында қала әкімі қызметкерлерді сындарлы шақта жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Себебі, бірлігі бекем елді ешқандай қиындық еңсере алмайды.

Д.Өмірзақова                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...