ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ТАБИҒАТҚА ТАҒЫЛЫҚ ЖАСАУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

16:38, 12 маусым 2019

Табиғатқа тағылық жасағандарға тұсай болмай тұр. Соңғы уақытта өңірде өзен жағалауындағы тасты қопарып қалағанша пайдаланып жатқандар көбейген. Жағдайдың ушығуына заңсыздық барғандарға тиісті деңгейде шара көрілмей жатқаны себеп. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасы басшысының есебі тыңдалған облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында осы мәселе талқыланды. Сонымен қатар аталған комиссияда өңірдегі тұрмыстық қалдықтардың да тиісті деңгейде тазаланбай жатқандығы сөз болды.

Мұрат Төлтебай – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Мен сендерге айтайын Төлеби ауданында орналасқан карерлердің бірде – біреуінің құжаты дұрыс емес. Тағыда арнаның тура басына отырып алған. Олар табиғатқа залал келтіріп отыр. Қаза берген соң су жердің астына кетіп қалады.

 Су төмендеген сайын өзен жағалай отырған жұрттың құдығының суы тартылып, ағын су азаяды. Сөйтіп тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көріп, ағын судың азабын тартады. Бұл карерлердің кесірінен жұртқа келетін зиян. Ал, екіншіден сол табиғаттың байлығын есепсіз қазып жатқандар  мемлекетке де мардымды салық төлемейді. Мұны табиғи ресурстарды пайдалану және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары да біледі. Сол үшін жыл басынан бері арнайы  рейд жүргізіп 6 бірдей заңсыз карерді анықтаған. Алайда ешбірін жауапқа тартып шара көрмепті.

 Бақытжан Қырықбай – Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының басшысы

Төлеби Сайрам деп жатырсыздар. Жалпы жылдың басынан бері бақылау жүргізілген алты заңсыз карер анықталды. Оның екеуі Сайрамда. Ол бойынша біздің функциямызда шара көру жоқ. Тек қана анықтау жұмыстарына қатыстық.     

Ай дейтін әже, қой дейтін қожа болмағасын табиғатқа тағылық жасайтындар қалағанын істеп бағуда. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қоқыстан тазарту ісі де тек құжат жүзінде жүргізіліп жатыр. Тұрақты комиссия отырысы кезінде ол мәселе де айтылды.

Нұржан Әшіров - Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Мына тұрмыстиы қатты қалдықтарды тасымалдау 90 пайыз депсіздер. Бұл менімше дұрыс емес. Өйткені, ауылдарда тасымалданбайды.

 Бақытжан Қырықбай – Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасының басшысы

Бұл нақты шешімін таппаған жұмыс. Қазір үлкен қалаларды шешіп сосын ауылдарды қолға аламыз. Одан кейін қайта өңдеу деген мәселе бар. ол бізде 7 пайыз ғана. Соны алдағы 3-4 жылда 13 пайызға жеткізсек деген жоспар бар.

Табиғатты қорғау мәселесіне қатысты қауқарымыз осы. Заңсыздық орын алып жатсада шара көрілмейді. Кейбір жылы жауып қойып жатырмыз. Бұл мәселе енді алдағы сессияда талқыланатын болады.

М. Жарылқасын  

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...