ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

10:50, 23 қыркүйек 2020

Жыл басынан бері 7 адам табиғи газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы оқиғалардың барлығы дерлік тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамағанның салдарынан орын алған. Жылыту маусымы жақындаған сайын, сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстауды ескерткен төтеншеліктер бүгін қаланың көпқабатты үйлерін аралады.

Жылыту маусымы жақындаған сайын, сақтық шараларын күшейткен төтеншеліктер алдымен көпқабатты үй тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Көбінде, табиғи газдан улану фактілері түтін сорғыш құбырлардың бітелуі салдарынан орын алып жатады екен.

 

Нұрдәулет Ерғали – Әл – Фараби ауданы ТЖБ қызметкері  3950   01:20-01:44

 

Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде, қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан жыл басынан бері  6 оқиға тіркеліп, 7 адам қайтыс болған. Қайғылы оқиғалардың алдын-алу үшін жылында кем дегенде бір мәрте жылыту пештерін, газ құрылғыларын тексерістен өткізіп тұру керек дейді арнайы мамандар.

 

Амлахан Кансаитов  - Шымкент қаласының тұрғыны 3940 00:06-00:39

 

Көзге көрінбейтін түссіз газдан уланудың белгілері байқалған жағдайда, бөлмені желдетіп, тез арада таза ауаға шығу қажет. Бұл ретте жедел жәрдем көмегіне жүгінген абзал. Өйткені, ыс денеге таралған жағдайда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

 

Нұркен Кеутаев – Шымкент қаласы ТЖД аға инженері 3930  01:57 – 02:22

 

Жылыту маусымы кезінде газ пештер мен жылытқыштарды аса сақтықпен пайдаланған жөн. Сонымен қатар, пештің жылу алмастырғышында ақау бар жоқтығын қайт-қайта тексеріп тұру артықтық етпейді. Сондай-ақ, қауіпсіздік техникасының мына бір тұсын естен шығармаған абзал; күн суықта көлікжайда жылынамын деп автокөлікті сөндірмей кетуден сақ болыңыз.

Г. Асқарқызы                                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...