ШҰҒЫЛ! ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ Толығырақ

ТАБЫСЫ МОЛ, КӘСІПОРЫНДАР САЛЫҚ ТӨЛЕУГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗ

17:30, 11 ақпан 2020

Табысы мол, қоғамда беделі бар кәсіпорындар салық төлеуге құлықсыз. Кейде өз қызметкерлерінің санын көрсетпей, жалақысын әдейі жасыратын кәсіпкерлер де жетерлік. Осы сынды олқылықтар мен 2019 жылы атқарылған жұмыстың есебін берген Әл-Фараби және Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары брифинг берді.

Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан өткен жылы мемлекеттің бюджетіне 89 млрд теңгеден астам қаржы түсуі қажет болса, жоспар 100,2 пайызға орындалған. Жоспарды артығымен орындаудың бірнеше себебі бар. Сала мамандары салықты әкімшілендіру нәтижесінде кәсіпорындардың қосымша кіріс көздерін анықтаған.

Дәурен Жүнісбеков – Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

-Салық есептіліктерді, декларацияларды камералды бақылау нәтижесінде 8 млрд 7756,1 млн есептелініп, бюджетке өндірілді. Оның ішінде Петро Қазақстан – 10620,0 млн., «Смарт Ойл», «Хилл», «Оргпроектцемент», «Сарыағаш Аман» - 7,9  млн теңге өндірілген.

Дегенмен, барлық кәсіпорындар өз еркімен салық төлей бермейді. Мәселен, мәжбүрлеп өндірудің нәтижесінде 1 млрд 48 млн 600 мың теңге түскен. Ал,Әл-Фараби ауданы тарапынан 2019 жылы 1,5 млрд теңге бюджетке қосымша резерв нақты қаражат есебінен өндірілген. Оның 313 млн-ы «Отау-Строй» мен «Стандарт цемент» ЖШС-ің корпоративті табыс салығы.

Қанат Алпысов – Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

-Аудандағы ең ірі кәсіпорын «КНИСК» 2018 жылы Петро Қазақстан зауытына модернизация мен реконструкция жүргізу барысында ҚР аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосымша құн салығы бойынша 4 млрд 207 млн теңге төлеген. Ал 2019 жылы реконструкция аяқталғаннан кейін 1 252 млн теңге немесе реконструкция аяқталғаннан кейін 1 252 млн,теңге төлеген. Яғни осы 1  салық төлеушінің өзінен жалпы 5,7 млрд теңге кем түскен.

Биылдан бастап әрбір кәсіпкер өз табыс салығын жасыра алмайды. Себебі, 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап онлайн бақылау кассалық аппараттарын алуы міндеттелген.

Р.Бақытжанқызы   

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
18:37, 27 наурыз 2020
ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...