ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТАЙҚАЗАННЫҢ ТОЛЫҚ КЕЛБЕТІ

12:30, 20 қараша 2020

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты жәдігері тайқазан өзінің тарихи келбетіне қайта оралды. Тайқазанға ортағасырлардағы дінбасылардың есімдері жазылған 10 найза орнатылды.

Жазба деректер бойынша 20-ғасырдың ортасына  дейін тайқазанның келбеті осындай болған. 1935-жылы Тайқазанды Ленинград қаласындағы көрмеге сол қалпымен кеткен. Алайда елімізге қайтарарда 10 найза әкелінбеген. Тарихшылардың айтуына олар жоғалған. «Әзірет Сұлтан» музейі басшылығының бастамасымен 10 лауха қолдан жасалып, орнына қойылды. Лаухаларды Түркістандық қолөнер шебері жасады. Бұл жұмыс екі жыл уақытты алды.

Нұрболат Ахметжанов- «Әзірет Сұлтан»  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры 

Тайқазанның  осындай найзалармен қоршалғаны туралы дереккөзі 1870 жылы саяхатшы Александар Кун түсірген фотосурет. Мұндай суреттерді 20-ғасырдың басында  кесене басына келген ғалымдардан да байқауға болады.

Н.Кенжехан        

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар