ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН ӨЛТІРГЕН

12:32, 26 қазан 2020

Шымкент қаласы Түркістан көшесінің бойында мемлекеттік белгісі жоқ автокөлік біраз уақыттан бері иесіз тұрған. Бұл жөнінде Абай АПБ-нің кезекші бөліміне хабарлама келіп түседі. Полиция қызметкерлерінің анықтау жұмыстары барысында «Дайво Нексия» маркалы ақ түсті машина кімге тиесілі екендігі белгілі болды

Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 дана ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура, 2 дана автокөліктің мемлекеттік белгісі және 1 дана тізесі тұсында қан дақтары ер адамның джинсы шалбары анықталған. Сол күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Жедел іс-шараларын жүргізу барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат ұсталды. Яғни, екеуі көлік иесіне пышақ жарақатын салған.

Алексей Захаров – Шымкент Абай АПБ тергеушісі

Сондай-ақ, өз әйелін жұдырығымен бірнеше рет ұрған ер адам ұсталды. Қаратау АПБ-нің қызметкерлері ағымдағы жылдың 18 қазанында отбасылық мәселе бойынша жанжалдасу салдарынан өз әйелін ұрып, дене жарақатын салған күйеуін полицияға жеткізді. Ол 1981 жылы туылған жергілікті тұрғын.
Орын алған оқиға бойынша 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, тексеру барысында аталған азаматқа учаскелік полиция инспекторлары ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қорғау нұсқамасын толтырған.

Кереметхан Дилманов – Шымкент ҚПД Қаратау АПБ тергеу бөлімінің бастығы

(Күдіктілер бұл іс-әрекетімен қорғау нұсқамасын бұзған. 
2020 жылдың 27 қазанында ерлі зайыптыларға қатысты азаматтық соты болып, онда соттың шешімімен ер азамат өзінің айлық жалақысының жартысын жәбірленушіге беретін болды)

 

М.Жорабай                                                           
 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар