ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТАЛАЙДЫҢ ЖҰЛДЫЗЫН ЖАҚҚАН БАЙҚАУ

17:16, 15 мамыр 2019

«Жастар -мәңгілік елдің болашағы".Осындай атаумен бастау алған фестиваль Түркістанда қорытындыланды. Өнер додасына облыстағы 20 білім беру ордасынан іріктелген 2500 оқушы қатысты. Өнерімен өзгеден ерекшеленгендер жүлделі орындарға ие болды.

Өнер әлеміне жолдама беретін фестиваль талай өнерпаздың жұлдызын жақты. Атап айтсақ Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы және Нұрлан Өнербаев дәл осы байқаудан өнерге қадам басқан. Байқаудың мақсаты сол,  нағыз таланттарды анықтап, жаңа есімдерді жарыққа шығару.  

 Бақытжан Ешенқұлов – Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры

Бұл өнер фестивалі, мақтанғаным емес. Тек Түркістан облысында ғана өтеді. Басқа жақта өтеді. Бірақ олар бөлек-бөлек өтеді.  Оның үстіне сахна жұлдыздарының біразы осы байқаудан шыққан. Мысалы Алтынай Жорабаева, Жұбаныш Жексенұлы.   

Түркістан облысында 800 мыңнан аса жас бар. Елбасының биыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, жас толқындарды түрлі саладан шыңдайтын  жобалар мен шаралар  қолға алынды. Соның бірі «Жастар -мәңгілік елдің болашағы"   фестивалінің маңызы ерекше.

 Мәлік Отарбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Фестивалге қатысып жатқан 2500 ден оқушыларды құттықтаймын. Өз өнерлерін ортаға салып, тиісті марапатқа ие болады  деп ойлаймын. Сондықтан болашақтарыңыз жарқын болсын.  

Өнер сайысында балалар ән айтып, би белеумен шектелмеді. Заманауи тақырыпқа сай талғаммен жасалған қолөнер көрмесі де ұйымдастырылды. Онда он саусағынан өнер тамған оқушылардың шығармашылық бұйымдары ұсынылды. Ал байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар жүлделі орындарға ие болды. Білім басқармасының бағалы сыйлықтармен марапатталып қана қоймай, Республикалық байқауларға жолдама алды.

А.Бидан         

Тақырып бойынша материалдар

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
19:47, 18 қыркүйек 2019
ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ  АЛТЫНДАРЫ  ТАБЫЛДЫ
17:33, 12 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫНДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...