ШҰҒЫЛ! БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ Толығырақ

Талантты режиссер туған жеріне келді

19:36, 24 мамыр 2018

Басты рөлді қазақ қызы сомдаған «Айка» фильмі прокатқа күзде шығады. Бұл туралы Шымкентке арнайы келген фильм режиссері, жерлесіміз Сергей Дворцевой мәлімдеді. Еске салсақ, Отандасымыз Самал Еслямова 71 –ші Канн кинофестивалінде «әйел бейнесін үздік сомдаған актриса» ретінде мәртебелі марапатты жеңіп алды. Талантты режиссер бүгін күнгей журналистерімен кездесіп, аталмыш кинофестивальдің әлем¬дік кинонарықтағы орны мен маңызына тоқталды. Журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Күні кеше Францияда өткен Канн кинофестивалі Алаш үшін үлкен өнер оқиғасына айналғаны сөзсіз. Қазақтың талантты қызы Самал Еслямова айтулы кино думанында топ жарып, «Үздік әйел рөлі» аталымында жүлдегер атанғанын естігенде, қуанбаған қазақ кемде-кем.

Сергей Дворцевой - «Айка» фильмінің режиссері

Самалды алғаш көргенде-ақ менің фильміме дәл осы актриса керек­тігін түсініп, басты рөлге бекіт­тім. Түйсігім алдамапты. Кейін Самалға лайықтай отырып, «Айка» фильмінің сцена­рийін жаздық. Мәскеуге келіп, қиын тағдырды басынан кешкен эмигрант қырғыз қызы­ның тау­қы­метті тағдыры баяндалатын фильм солай өмірге келген бола­тын.

Алты жыл түсірілген фильмнің құны – 2,5 миллион еуро. Кинокартинаның өзі бір жарым айдан кейін дайын болады. Фильм прокатқа күзде шығады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, Сергей Дворцевой - Шымкенттің тумасы. Бұған дейін режиссер 2008 жылы Оңтүстікте «Қызғалдақ» атты туынды түсіріп, Токионың Халықаралық “Сакура Гран-при” кинофестивалінде Бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Сергей Дворцевой - «Айка» фильмінің режиссері

«Қызғалдақ» фильмінде Самал 3 баланың анасының рөлін сомдады. Бұл ең алғашқы рөлі  болатын. Айту керек, Самалдың бойындағы әртістік қабілет ерекше. «Айка» кинотуындысында да баласын өмірге әкеле салып, одан бас тартқан жас қыздың рөлін бейнеледі. Оңай болды демеймін. Әрі қазақтың менталитетіне жат қылық қой. Үлкен ізденісті талап етті. Соның нәтижесінде кино өнеріне байыпты көз­қа­распен, жауапкершілікпен қарап үйренді.

Халық­аралық Канн кинофестивалінде Алаш елінің абыройын асқақ­татып, әлем назары қазақ хал­қы­на бұрылып жатса, оны қар­шадай қазақ қызы Самал Еслямова­ның тынымсыз ізденісі, өнерге деген зор сүйіспеншілігінің же­місі деп бағалау керек. Бұл же­ңіс, сөзсіз, қазақ өнерінің жеңісі!

Гүлсанат  Қалмырзақызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ОБЛЫС ӘКІМІ АВТОКӨЛІК МІНГІЗІП, ПӘТЕР БЕРДІ
13:34, 18 маусым 2018
АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ОБЛЫС ӘКІМІ АВТОКӨЛІК МІНГІЗІП, ПӘТЕР БЕРДІ
Толығырақ...
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ  БЕРІЛДІ
13:22, 18 маусым 2018
ҚОСТҰРА БАУРАЙЫНДА ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланды
11:05, 18 маусым 2018
Шудағы пойыз апаты: Қаза болған жасөспірім мен зардап шеккен...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
15:58, 12 маусым 2018
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХҚТУ-НІҢ РЕКТОРЫ АУЫСТЫ
Толығырақ...
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
17:03, 14 маусым 2018
БҮГІН ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЗОР ОҚИҒА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:28, 11 маусым 2018
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...