ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ТАЛПЫНЫС ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

16:31, 7 тамыз 2019

Мақтаарал ауданында «Жас кәсіпкер» жобасына 76 азамат қатысып білім алудың алғашқы легін бастады. Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға бағытталған бастама Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен жасалған. Игі шараға аймақтан қызығушылық танытқандардың саны артуда. Қазірдің өзінде 400 ге жуық кәсіп ашам деген ниетті тұрғындар өз өтініштерін білдерген.

Тамаша хобби кіріс әкелуі әбден мүмкін. Бұл сөзімізді аталған жобаға қатысуға ниет білдірген мырзакенттік Салиха Кукиева жоққа шығармайды. Мамандығы дизайнер болғанымен қолөнер бұйымдарын жасап жүрген шебер соңғы екі жылдың көлемінде тігіншілікті кәсіпке айналдыруға бет бұрған. Қиялының ұшқырлығын пайдаланып ерекше дүниелерді шығаруға ден қойған маманның қолөнер бұйымдары, жуырда өткен «Түркістан өнімдері» атты облыстық көрмеде қалың көпшіліктің көңілінен шыққанына сенімді.

 Салиха Кукиева - кәсіпкер

27 шілде күні біз Түркістан қаласында бір үлкен ірі жобаға қатыстық. Ол жерде небір ірі компаниялардың арасында бізде атсалысып өзімізді көпшілікке таныттық деп ойлаймын. Ол жердегі менің ерекшеленген жұмысым мына интерьер қуыршақтары ешкімде болмады. Осы қуыршақтарым бәрін таңқалдырды.

 Тігіншінің қолынан шыққан Интерер қуыршақтары маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Одан бөлек тойбастар,  қоржындар, өзгеде қолөнер бұйымдарын жасауға әуестенген Салиха Кукиеева мемлекеттік қолдаудың арқасында қолға алған кәсібін  кеңейтпек ниетте.

Салиха Кукиева - кәсіпкер

Құдай     қаласа мына біздің Атамекен кәсіпкер палатасынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Сол қолдау арқасында мына мен келешекте кестелеу тігін машинасын алғым келіп жатыр. Мына сияқты кесте жұмыстарын біздің орталыққа біздің Мақтаарал ауданының сауда орнына осындай бұйымдар шығарғым келіп жүр. Жәнеде  Мақтааралдың брендін шығаруға әрекет жасап жүрміз, атсалысып.

Нұргүл Әбдіразақова - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры

  • Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында бірінші аптасы өтті. Үш апталық оқу болады. 19мың теңге степендиясы бар. Жәнеде бұл жас кәсіпкер бағдарламасына қатысуға өзінің шарттары бар. 18 бен 29 жас аралығындағы жастар, мүмкіндігі шектеулі екінші үшінші топтағы жұмысқа жарамды кісілер, көп балалы әкелер қатыса алады. Осы бағдарлама аясында. Бағдарламаға қатысуға өтініштер басталды. Бірінші топ оқып жатыр бізде, екінші топ құдай қаласа екі аптадан кейін басталады.

Бүгінде аталған жоба бойынша ауданда 75 азамат бизнес-тренерлерден білім алды. 200 айлық есептік көрсеткіш бойынша 505 000 грант негізінде берілетін қаржылай  көмекті жеңіп алып, кәсіппен айналысуда. Жалпы жыл соңына дейін жас кәсіпкер бағдарламасына ауданнан 320 адам қамтылады деп жоспарлануда.

 

Ә. Дәулетбекқызы  

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...