ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

21:47, 18 қаңтар 2019

Бұдан былай елімізде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау және оларды тіркеу уақыты айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Өйткені, қазір Парламентте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Аталған құжаттың тарихи мұраларды сақтауда қандай маңызға ие екендігі бүгін Түркістанда өткен көшпелі кеңесте талқыланды.

Жаңа заңның жобасы сөз болған жиында археолог Бауыржан Байтанаев ең әуелі табылған тарихи жәдігерлерді тіркеу уақытын тездету керек деп бастама көтерді. Себебі, соңғы уақытта көптеген жәдігерлер дер кезінде тіркелмегесін жойылып кеткен.

Бауыржан Байтанаев – археолог, Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры

Біздің ұсыныс бірден есепке алынуы керек табылғаннан бастап. Мәдениет министрінің ұсынысы бойынша бұны сараптамадан өткізу керек. Ондай болса ол уақытта құрылыс тоқтап тұра ма? Құрылыс жүріп кетеді. Сол себептен құрылыс тоналып кетуі мүмкін.

Сонымен қатар ғалым мамандарға лицензия беру мәселесінде бөліп қарыстыру керек деп есептейді. Өйткені реставрация жұмыстарын жүргізетін маман зерттеу жұмыстарын нәтижелі атқара алмайды. Сондықтан рұқсат берген кезде осыны ескерсе дейді. Ал, мәдени мұралардың жойылып жатқаны жайлы маман пікірін мәжілісмендерде құптап отыр.

Бейбіт Мамраев – ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Хатшысы

Біз бұл заң жобасын мәжілісте қараған кезде мәдениет министрі А. Мұхамедиұлы 2018 жылы Отырарда 300 машина топырақтың алынғанын айтты. Ол жағдай 2017-2016 жылы да қайталанған.

Талқыланып жатқан заң жобасы мақұлданса осы олқылықтың барлығы жойылады. Сонымен қатар, елдегі тарихи жәдігерлер қайта жаңғыртудан өтіп қалпына келеді. Атап айтқанда тек Түркістан қаласының өзінде 18 нысан реставрациядан өтеді.

Ақтоты Райымқұлова – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Ең алдымен алдағы үш жылда Қ.АЯссауи кесенесінің басты компаненттері қазандық, қабірхана, басты порталжаңғыртылады деп жоспарлап отырмыз

Тұран даласы тарихи жәдігерлерге бай аймақ.Өңірде тарихи – мәдени ескерткіштер саны 1200-ден асып жығылады. Олардың ішінде халықаралық һәм республикалық маңызға ие нысандар да бар. 

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Облыста тағы тархи жәдігерлердің біреуі халықаралық маңызға ие болса 26-ы республикалық маңызға ие...

Бүгінгі талқыға түскен заң жобасы Парламентте 11 рет қаралған. Алдағы уақытта тағы да талқыланбақ. Егер мақұлданса, еліміздегі, құрылыс, жол және әкімшілік құқықтық жауапкершілік сынды заң актілері өзгереді.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                  

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...