ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

12:30, 18 шілде 2019

Рухани жаңғыру тарихымызды қайта екшеу, жас ұрпаққа тарих тағылымдарын жеткізу. Қазығұрт ауданында "Тарихи сананы жаңғырту" тақырыбында дәріс өтті. Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты «тарихи сана» ұғымының мәнін өскелең ұрпаққа түсіндіру.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сана мен тарихтың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берген болатын. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте Қазығұрт ауданында ардагерлер халыққа дәріс өткізіп, ұлттық тарих маңызын атап көрсетті.

Урзада Айтөрева – Түркістан облыстық  ардагерлер кеңесі төрағасының  орынбасары

 - Мақсат халыққа, жастарға, ұрпаққа ұлттық тарихтың негізінің қайда жатқанын, ұлттық тарих дегеніміз не, ол халыққа не үшін керек және ұлттық сананы жаңғырту дегеніміз не деген сияқты сұрақтардың төңірегінде әңгіме қозғау болатын. Бұл тақырыптың халыққа өте қажет екендігін халық және төңірегінде шөлдеп жүргендерін ашып ортаға салды.

Тарихи сананы жаңғырту - жалпыға бірдей міндетті тарихи білім беру науқаны емес. Тақырыпты  ашудың мәні  әрбір қазақстандықтың қасиетті де киелі ортақ іске жұмылуына сеп болу. Жиынға қатысушылар еліміздің табысты болуының кепілі өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту  деген қорытындыға келді.

  Өмірзақ Мұстафаев – Қазығұрт ауданының  тұрғыны

 - Рухани  жаңғыртудың негізі осы тарихи сананы жаңғыртудан басталады. Себебі біздің жастарымыз қазіргі кезде тұңғыш Елбасымыз айтқандай мемлекетіміздің келешегі жастардың қолында. Олай болса сол жастарымыз өзінің тарихын, елінің тарихын жақсы білуі керек. Рухани жаңғыртуды осы тарихи сананы жаңғыртуды бастау жөнінде дәріс болып отыр.

Тарихты ұлықтау, оның сан ғасырлық тағылымдарын игере отырып, тәлім алу аса қажет мәселе. Тек сол уақытта ғана ұлттық сана нығая түседі. Ал ұлттық санасы нығайған халықтың рухы асқақ келеді. Өзінің ұлттық құндылықтарын толық жадына түйген адам ғана болашаққа нық басып елінің дамуына сүбелі үлесін қоспақ.

А. Мәулен                                             

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...