ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ТАРИХТЫҢ КИНО ӨНЕРІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМЫ

19:05, 20 қараша 2020

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тақырыбы аясында кино саласын дамытуға үлкен ден қойылды. Тұңғыш Президент ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастырып, олардың бейнесі мен батырлығын өскелең ұрпақтың жадына сіңіруге ерекше мән беруді тапсырған болатын. Осы орайда, отандық кино өндірісіне сүбелі үлес қосып жүрген Шымкенттік «Сақ» киностудиясын атап өтпеуге болмас.

Еліміздегі әр екінші мультфильм осы «САҚ» киностудиясында түсіріледі. Шымкенттік аниматорлар 19 жылдан бері кішкентай көрермендерін қуантып жүр. Кино түсіру, оның ішінде тарихтан сыр шертетін анимациялық фильмдер саласы оңай емес. Әйтсе де тарихи туындылар отансүйгіштік сезімді арттырып, жастарды  ел қорғаны болуға үндейді, - дейді студия директоры.  

 

Нұриддин Патеев – «САҚ» киностудиясының директоры

 

 «Сақтың» тарихи тақырыптағы туындылары да ғажап.Соның айғағындай «Қазақ елі» анимациялық фильмі 2017 жылы бірден үш жүлде, оның ішінде Каирде өткен Х халықаралық анимациялық фильмдер форумында «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» номинациясы бойынша гран-при иеленген. Киностудияның бұдан өзге де ауқымды жүлделері көп. Және олар мұнымен тоқтап қалмайтындарын айтады.

 

Нұриддин Патеев – «САҚ» киностудиясының директоры

 

Киностудияның туындылары қашан да көптің көңілінен шығып жүр. Елбасы айтқандай, біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз - тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар, - дейді олар.

 

 

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар