ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ТАУАРЛЫ СҮТ ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

16:43, 10 қыркүйек 2019

Кентауда «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жобасы» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары талқыланды. Енді Түркістандағы су нысандарының құрылысын жүгіргізуге басымдық беріліп, ағын су тапшылығы жойылмақ.

Азық-түлік  белдеуін қалыптастыру  мақсатында жалпы құны 63,0 млрд. теңге құрайтын 7 ірі инвестициялық  жобаларды іске асыру  ісі қарқын алған. Мұның нәтижесінде жыл сайын қосымша 30,0 млрд. ауыл шаруашылығының өнімі өндіріліп, 2500-ден астам жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашпақ.  

 Өмірзақ Шөкеев - Түркістан облысының әкімі

 Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың бастамасымен жүзеге асқан семинар - кеңесте 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасының іргетасы қаланды.

 Аталмыш цех Кентау қаласы Шаға ауылында 2020 жылы іске асады. Жобаның құны -  3 652,6 млн.тг. Ашылатын тұрақты жұмыс орны 100 адамды құрамақ. Жылына 4500 тонна экстра класты сүт өндіру жоспарлануда.       

Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Бұл жоба «РоттоГио» компаниясымен бірлесіп, ТМД-дағы ең соңғы технологияны есепке ала отырып, жұмыс жасаймыз. Қазіргі таңда инвестормен италиялық компаниямен жобалық сметалық құжаттармен келісіпм шартқа олтырып, арнайы алғашқы қаржының жарналары төленді. Жоба құны 3 млрд. 600 млн теңгені құрайды. Оның ішіндегі 600 млн. теңгесі түркістан аграрлық әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы, қалған 3,1 млрд. аграрлық несие корпорациясы арқылы қаржыландыратын болады.

  Жиында әр аудан-қаладан әкелінген өнім түрлерінен көрме қойылды. Сондай-ақ, азық-түлік белдеуі шеңберінде, су нысандары бойынша іске асырылып жатқан жобалар мен ауыл шаруашылығы саласы көрсеткіштері таныстырылды.                                            

Хабибулла Азимов - «Тұран»  шаруақожалығының төрағасы

 Шара аясында «Түркістан – Агро XXI» ЖШС-нің «1200 басқа арналған сүт тауарлы фермасы» кешенінің іргетасына капсула орнатылды. «Rota Guido» италия технологиясымен  жұмыс істейтін жобаның жалпы құны құны 3,7 млрд.теңге. Серіктестік жобаның алқашқы кезеңін 2020 жылдың тамыз айында толығымен іске қосуды жоспарлауда.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар