ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

ТАУДАҒЫ ДЕМАЛЫС ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

13:10, 13 маусым 2018

Табиғатта демалуды қош көретіндердің тағдыры келеңсіз жағдайлармен аяқталмауы тиіс. Демалушылар бастысы, сақтық шараларын естен шығармауы керек. Биылдың өзінде 5 адам тауда адасып, төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен құтқарылған. Осы өзекті мәселелер департамент қызметкерлері ұйымдастырған дөңгелек үстел мәжілісінде талқыланды.

Былтыр өңіріміздің таулы аймақтарында 7 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 12 адам құтқарылып, 1 адамның мәйіті табылған. Биылғы көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артып отыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өңір тұрғындарын  барынша сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.  

Бұл жиынға халыққа демалыс аймақтарын таныстырып отырған мекеме өкілдері мен мемлекеттік табиғи қорық басшылары да шақыртылды. Әркім өз аймағына келген адамдардың қауіпсіздігін сақтауға күш салу керектігі сөз болды. Жаздың күні орын алатын өрт оқиғалары да - басты қауіптің бірі. Әсіресе, табиғи парк аймағында егінмен айналысатын кәсіпкерлер өрт қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді екен.

Іздестіру – құтқару жұмыстарының көпшілігі таулы аймақтарға барған адамдардың  талаптарды сақтамауынан орын алады. Тауда адасу, құзға жығылу секілді факторлар жиі кездеседі, - дейді мамандар. Сонымен қатар, туристер демалу кезінде өрт оқиғаларына да себепші болып жатады.

К. ДҮЙСЕНБІ  

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...