ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

18:02, 9 қазан 2019

Өз аулаңыз бен көшеңізді таза ұстасаңыз. Сонда қомақты қаржыға ие боласыз. Өйткені Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды. Жоба аясында шаһардағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктер аумағына баға беріледі. Үздігі марапатталып, ауласы шашалыпы жатқандар айыппұл төлейді.

Бұл жоба Шымкент қаласында 2013-ші жылдан бері жалғасып келеді.   Байқаудың басты мақсаты қалада тазалықты дәріптеу. Енді ай бойы «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік аудан», «Үздік учаскелік инспектор» номинациялары үшін тұрғындар тер төгетін болады. Мегополисте қазан айында  басталған үздіктер бәсекесі 10-шы желтоқсанда қорытындыланады.

Спикер: Жанар Бектаева – Шымкент қаласы  ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы 

Негізгі шарттар мен міндеттерін түсіндіру мен ұйымдастыру жұмыстарын «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жүргізеді. Бұның барлығына арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамына аудан әкімдері орынбасарлары мен қоғам белсенділері бар.

Үздік аулаларға тағайындалған жүлде қоры 4 млн теңге.  Әр номинацияда 12 орын бар. Қаламызды көркейтуге атсалысқандар құр алақан қалмайды. Бәсеке әділ өту үшін қазылар алқасы  түрлі саладан іріктелген..

Жұмағали Білісбеков – Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті

Бұл жерде тек тұрғындар емес сол ауданның әкімшілігініңде жұмысы сарапталады. Домком, уличком барлығы бірігіп көше бойын гүлдендіру деген сияқты шаруалар бағаланады. Жалпы мақсат қаламыздың ажарын аша түсу.

Акцияға қатысуға өтінімді Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары жанынан құрылатын жұмысшы топтар қабылдайды. Құжаттар 2019 жылдың 21 қазанына дейін өткізілуі тиіс. Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы комиссия 3 күн ішінде үміткерлердің құжаттарымен танысып, жалпы қалалық сайысқа қатысуға жібереді. Бағалау әр наминауия бойынша 10 балдық жүйемен есептеледі.

К. Дүйсенбі  


 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...