ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ СТУДЕНТТЕР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

21:35, 12 желтоқсан 2019

Нағыз еңбек адамдары марапатталды. Шымкентте «Таза қала» акциясы өз мәресіне жетті. Байқау қаладағы үздік аудан, үздік көше мен ауланы анықтап берді. Жеңімпаздар 4 млн теңгені үлестіріп алды.

Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Таза қала» акциясы биыл сегінші жыл ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталды. Салтанатты шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып,мәдени астана атанған Шымкенттің тазалығын сақтауға барлық азаматтарды ат салысуға шақырды.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

–ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы болу Шымкент қаласына жаңа серпін береді. Сондықтан да бізден кейінгі эстафетаны қабылдап алушы мәдени астаналарға үлгі болуымыз қажет. Осы мақсатта «Таза қала» акциясының дәстүрлі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуіміз керек.

Биыл байқау кеш жарияланғандықтан қатысушылар саны былтырғыдан аз болды. Дегенмен, қазан айында ауласын тазалап, гүлі мен бау-бақшасының жайын баптағандар тәуекелмен сынға түсті. Солардың бірі Қарлығаш Рахиева. Еңбегі еш кетпеген ол келер жылы да сайысқа қатысуға үмітті.

Қарлығаш Рахиева – Әл-Фараби ауданының тұрғыны

-Өкімет бағалады. Азаматтық Альянс бағалады. Үлкен рақмет алғысымды айтамын. Біз енді қолымыздан келген тірлігімізді істедік. Әлі де құдай қаласа, әлі да талай нәрсе істейтін ойымыз бар.

Қаладағы жеке тұрғын үйлердің аумағын көгалдандыру мен көріктендіруді мақсат еткен акцияның қорытынды бойынша «Үздік аудан» аталымын Еңбекші ауданы жеңіп алды.

Ғалымжан Ильясов – Еңбекші ауданының әкімі

-Конкурстың кештеу жарияланғандығына байланысты, көпқабатты сектордан 53 аула, жеке сектордан 23 аула, жалпы 76 қатысушы қатысты. Былтыр 129 қатысушы болған. Біз өатысушыларды ынталандыру мақсатында 6 айда өзіміз демеушілер есебінен өткеріп, ал жыл қорытындысымен Азаматтық Альян ұйымдыстырса деген жоспар түзіп отырмыз. 

Қаладағы Әл-Фараби, Еңбекші, Абай және Қаратау аудандарынан қатысқан үміткерлер «Үздік аула», «Үздік көше» «Үздік аудан» номинациялары бойынша жалпы 4 млн теңгелік жүлдеқорын үлестіріп алды.  

Р.Бақытжанқызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
17:57, 23 қаңтар 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...