ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

«Таза қала» акциясының қарқыны күшті

17:57, 11 тамыз 2017

Тазалық – саулық кепілі, ал, саулық – білгенге... байлық негізі. Елбасы мақаласында айтылған экологиялық өмір салтын қалыптастыру идеясын «Оңтүстік Қазақстан облыстық «Азаматтық альянсы» қауымдастығы қолдайды. Осы мақсатта ұйым қала әкімдігінің тікелей қолдауымен «Таза қала акциясын жалғастыруда. Ажарлы аулалар арасында басталған байқаудың мәре сызығы жақын.

     Бұл аула  Еңбекші ауданына қарасты  Түркістан көшесі 202-үй тұрғындарына тиесілі.  Зухра апай  тазалықты хош көреді.  Соны өзгелерден де талап ете біледі.  Талап ету – бір бөлек,  игі іске ынталандыру – көшбасшылық қасиетті қажет етеді. Көршілері де ортақ идеяға ұйыған. Аптап ыстықта шаңы көтерілген ауладан,  жасыл желекке оранған сая тәуір емес пе, - дейді. Арнайы комиссия бұл аулаға келгенде бір демалып қалды. Шаршағанды басатын, көңіл ажарын ашатын әдемі гүлдер, су бұрқақтары, бәрі де тұрғындардың өз қаржыларына жасалған.   

ЗУХРА ҚАСЫМОВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

     Бұл ауланы үздіктердің үздігі жабдықтаған.  Иелері  үш жыл қатарынан осы байқауда басып, озды. Мұндағы көрініс те... ерекше. Жүк көлігінің әрі-бері домалаған доңғалақтары  гүл құтысына айналған. Ал, пластикалық шөлмек қақпағы сәндік бұйым ретінде аула көркін келтіріп тұр.  

ҒАЛИЯ АРТЫҚБАЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

-    Біз бұл акияға бірінше рет қатысып отырған жоқпыз. Осымен үш жыл қатарынан жеңімпаз атандық. Биыл төртінші рет қатысуымыз. Осы жылы да ең таза аула атанамыз деп барымызды салып жүрміз. Бізге аз да болса бөлінген ақшаны осы ауламызға жұмсаймыз. Үй тұрғындары да барын салуда. Бір қуантатыны айналамыздағы үйлер бізден сабақ алып оларда өз аулаларын көгалдандыруда.

     Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық өмір салтын сақтап, өзі тұратын жерді қадірлеуіне, таза ұстауына үндеу.  Айта кететін жәйт, байқауға қатысушылардың  саны жылдан жылға артып отыр. Жобаның нәтижесі де жоқ емес. Шымкентте таза аула мен көшелер саны артып келеді.  

     Қоғам белсенділері бұл істі  қомақты қаржы,  ірі ұтыс үшін істемейді. Туған жерге,  қоршаған ортаға деген қамқорлықты еселеп, жастарға үлгі болу үшін еңсереді.  Акция ұйымдастырушылары да адал еңбек иелері алдында қарап қалмақ емес. Одан әрмен ынталандыру үшін I, II, III орындарды дайындап отыр. 

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит

Тақырып бойынша материалдар

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
18:24, 18 қазан 2017
Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...